Нонтронит
НОНТРОНИТ (Франциядағы Нонтрон қ-нан алғаш табылған) – смектиттер қабатты силикаттарға жататын минералдар тобы. Хим. формуласы (Fe, Mg)2[Sі4O10](OH)2nH2O. Құрамында Al, Mg, Nі, Co, Cu, Zn изоморфты қоспалары болады. Моноклинді сингонияда кристалданып, қабатты құрылым түзеді. Түсі сары, сары жасыл, сұр жасыл. Агрегаттары топырақ тәрізді және тығыз, қолға майлы сезіледі. Омырылуы қабыршақты; қатт. 1 – 2, тығызд. 1,7 – 1,9 г/см3. Жоғ. дәрежеде ион алмасу және сорбц. мүмкіндікпен, сулы жерде ісінумен ерекшеленеді. Серпентиниттердің үгілуінен түзіліп, одан әрі үгілу кезінде темір гидроксидімен алмасады. Никель кентастарының құрамында Батыс Қазақстан облысында кездеседі.
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар