Оникс

Оникс[1](гректің όnyx – тырнақ) – агаттың түстері (ақ және қара) қабаттасып орналасқан түрі.Агат,Оникс-минерал, ақықтың (халцедон) бір түрі. Химиялық формуласы SіO2, қаттылығы 6,0—6,5. Түрлі түсті жұқа қабаттардың қатпарлануынан тұратын жасырын кристалды агрегаттары талшықты немесе радиал сәулелі түрде кездеседі. Агаттың түсі құрамындағы темір, марганец т.б. металдардың тотықтары мен органикалық қоспаларға байланысты болады. Қабатшаларындағы түстердің кезектесіп келуіне қарай:

  • арабониксі(ақ және қара)
  • карнеолоникс (қызыл және ақ)
  • сардоникс (күрең және ақ) тағы басқа түрлерге бөлінеді.
Оникс

Шығыс халықтары Агаттың ақаусыз, өте әдемі түрлерін әшекей тас ретінде ертеден қолданып келеді.

Эффузивті тау жыныстарында түзілуіне байланысты Қазақстанда Агаттың кен орындары көп (Орталық, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облысы).

Сілтемелер

Дереккөздер