Пак Кын Хе

Пак Кын Хе (кор. 박근혜, 1952 жылы дүниеге келген) — Корея Республикасының 11-ші президенті. 2004-2006 және 2011-2012 жылдар арасында Ұлы ел партиясының лидері (партия 2012 жылдық ақпанында Сенури деген атауға көшті). 1963-1979 жылдары Оңтүстік Кореяны басқарған президент Пак Чоң Хидің қызы. Корея Республикасының президенті болып 2013 жылғы Оңтүстік Кореяның президенттік сайлауында таңдалды.[1] Лауазымын 2013 жылды 25 ақпанынан бастады. Анасының қайтыс болғанынан кейін әкесінің алдында тұңғыш арудың қызметін атқаруда.

Пак Кын Хе
кор. 박근혜
Пак Кын Хе
Лауазымы
Ту
Ту
Корея Республикасының 18-Президенті
25 ақпан 2013 — 10 наурыз 2017
Премьер-МинистрЧон Хон Вон
ІзашарыЛи Мён Бак
ІзбасарыХуаң Гё Ан (м.а.)
Ұлы ел партиясы (ҰЕП) депутаты
1998 — 2012
ІзашарыХон Июн Пьё
ІзбасарыХуон У Ё
Өмірбаяны
ПартиясыСэнури
БіліміСоган универсиеті
МамандығыЗаңгер
Дүниеге келуі2 ақпан 1952 (1952-02-02) (72 жас)
 Корея Республикасы Йоннам аймағы. Тэгу қаласы
ӘкесіПак Чоң Хи кор. 박정희
АнасыЮк Ёң Су кор. 육영수
Жұбайыжоқ
Балаларыжоқ
Сайтыhttps://twitter.com/GH_PARK
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
Пак Кын Хе
Хангыль박근혜
Ханча朴槿惠
Маккьюн —
Райшауэр
Pak Kŭnhye
Жаңа романизацияBak Geunhye
Пак Кын Хе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге
2013 жылдың мамыр айында Пак Кын Хе Вашингтонда болып келді.

Президент өкілеттігі 2016 жылдың 9 желтоқсанында, өткен импичмент тәртібі бойынша, Оңтүстік Корея Парламенті дауыс беру нәтижесінде тоқтатылды. 2017 жылғы 10 наурызда Оңтүстік Корея Конституциялық Соты бірауыздан импичментті бекітті, содан кейін Президенттің өкілеттіктері тоқтатылды. 2017 жылы 30 наурызда, пара алу, билікті теріс пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер болмаған адамдарға құпия ақпаратты берді деген айыппен тұтқындалды[2].

Өмірбаяны

Балалық және жас шағы

Тэгу қаласында 1952 жылдың 2 ақпанында болашақ Корея Республикасының президенті Пак Чоң Хидің шаңырағында дүниеге келген. Пак Кын Хе 1970 жылы Сеулдегі орта мектепті бітіріп, 1974 жылы Соган университетінде электротехника мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иемденді. Кейін 1987 жылы Пак Кын Хе тайваньдық қытай мәдениеті Университетінен, 2008 жылы Корей жетекші технологиялар институтынан (KAIST), ал 2010 жылы Соган университетінен Honoris causa дәрежесін алады.

1974 жылдың 15 тамызында орын алған Пак Чоң Хиге бағытталған қастандық нәтижесінде, президент зардап шекпей, оның әйелі Юк Ёң Су өлімші болып жараланып, қайтыс болады. Пак Чоң Хи бұл оқиғадан кейін некеге тұрмады, сондықтан «тұңғыш арудың» рөлі бейресми түрде үлкен қызы Пак Кын Хеге көшеді. Бұл 1979 жылдың 26 қазанына дейін, яғни Пак Чоң Хидің Ұлттық барлау агенттігінің директоры Ким Джэ Гюдің қолынан қаза тапқанға дейін созылды[3].

1981 жылы рухани семинарияда христиандық діні жайлы оқып, өзін саясатқа арнады[4]. Ол тұрмысқа шықпаған және балалары жоқ.

Саяси мансабы

1998 жылғы Оңтүстік Корея Ұлттық жиынына (парламент) қосымша сайлау кезінде Пак Кын Хе Ұлы ел партиясынан парламент депутаты ретінде сайланды. Осы кезден бастап 2008 жыл аралығында ол үш мәрте парламентке депутат болып сайланды. Соңғы рет 2008 жылы сайланып, 2012 жылы өкілеттілігі аяқталған кезде келесі депутаттыққа сайлануға дауысқа түспейтіндігін айтты.

20042006 жылдар аралығында Ұлы ел партиясын (ҰЕП) басқарды. Бұл кезеңде ҰЕП қырықтан астам сайлауда жеңіске жетеді. Политология мамандары бұл жетістікті Пак Кын Хенің еңбігінің нәтижесі деп есептейді, сондықтан бейресми түрде оны «Сайлау патшайымы» деп те атайды[5][6].

2007 жылы Кын Хе өзін президенттікке кандидатурасын ұсынбақ болады, алайда партияішілік сайлауда кейін презиленттік сайлауда жеңіске жеткен Ли Мен Бактан жеңіліс табады.

2011 жылы ҰЕП танымалдылық рейтингінің төмендеуіне байланысты партия Төтенше комитет құрып, партия атауын «Жаңа мүмкіндіктер (көкжиектер) партиясы» деген мағынаны білдіретін Сэнури деген атауға өзгертеді. 2011 жылдың 19 желтоқсанында Пак Кын Хе Төтенше комитет төрағасы және партияның де факто жетекшісі болып тағайындалады. Кейін Сэнури 2012 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетеді[7], бұл Пак Кын Хенің президенттікке кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік берді.

2012 жылғы Президенттік сайлау

2012 жылғы Оңтүстік Кореядағы парламенттік сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе Сэнури партиясын жеңіске алып келді: партия парламенттегі 300 орынның 152 қол жеткізді[7]. Бұл президенттікке сайлануға жол ашты[8].

2012 жылдың 20 тамызында орын алған Сэнури партиясының ішінде президенттікке үміткерлерді сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе өз бәсекелестерін 83,97 % дауыс (103 118 дауыс ішінен 86 589) жинау арқылы партия атынан президенттікке үміткер атанды[9].

19 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе 51,55 % дауыс жинап, Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел-президент болып жарияланды[10].

Кітаптары

  • 절망은 나를 단련시키고 희망은 나를 움직인다 — Wisdom House, шілде 2007. — ISBN 89-6086-033-6.
  • 나의 어머니 육영수 (қаз. Менің анам Юк Ён Су) — People&People, қаңтар 2001. — ISBN 89-85541-54-4.
  • 결국 한 줌, 결국 한 점 — Busan Ilbo Books, қазан 1998. — ISBN 89-87236-25-0.
  • 고난을 벗 삼아 진실을 등대삼아 — Busan Ilbo Books, қазан 1998. — ISBN 89-87236-24-2.
  • 내 마음의 여정 — Hansol Media, мамыр 1995. — ISBN 89-85656-50-3.
  • 평범한 가정에 태어났더라면 — Nam Song, қараша 1993. — ISBN 2001044000207.

Мақалалары

Дереккөздер

Корея Республикасының 18-ші президенті
Ізашары
Ли Мён Бак
25 ақпан 2013 жыл10 наурыз 2017 жылІзбасары
Мұн Же Ен
Ли Сың Ман · Юн Бо Сон · Пак Чоң Хи · Чхве Гю Ха · Чон Ду Хуан · Ро Дэ У · Ким Ён Сам · Ким Дэ Чжун · Но Му Хён · Ли Мён Бак · Пак Кын Хе ·Мұн Же Ен ·Юн Сөк Йөл (жаңа сайланған)