Плакат

Плакат (нем. plakat - хабарландыру, жарнама) -

  1. графиканың бір түрі;[1]
  2. қысқа, тұжырымды мәтіні бар (әдетте, қағаздың үлкен парағына), көрнекі (көбіне түрлі-түсті) бейнеленген өнер шығармасы.

Ол саяси үгіт пен насихат, хабарландыру, жарнама немесе көрнекі оқу құралы мақсатында салынды. Суретшінің бір немесе бірнеше бояулы график не кескіндемелік тәсілімен жасалған түпнұсқасын полигр. жолмен көптеп басып шығаруға болады. Қазақстанда плакат жасау 20 ғасырдың 60 жылдарының бас кезінен жедел дамыды. Осы өнер түрінің қызғылықты шығармаларын жасауға С.Я. Сухов, Д.Н. Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М. Мамаев, М.Ержанов, В.А. Цветков, А.А. Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А. Каметов, т.б. ат салысты.[2]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Posters