Ричард Бёртон

Ричард Бёртон (ағылш. Richard Burton, толық аты — Ричард Уолтер Дженкинс; 1925 ж. 10 қараша, Понтридифен — 1984 ж. 5 тамыз, Селиньи) — британдық актёр, «Оскар» сыйлығының жеті мəрте номинанты, сонымен қатар, «Алтын глобус», «Грэмми», «Тони» жəне «BAFTA» сыйлықтарының иегері. Танымалдылығының шыңында, 1960 жылдары Бёртон Голливудтағы ең жоғарғы төлемақы алатын актёрлердің бірі болып есептелетін. Жалпы халық арасында актёр есімі екінші жұбайы Элизабет Тейлормен қатар айтылады, себебі кезінде екеуінің арасындағы қарым-қатынас газеттердің бірінші бетінен түспейтін болған.

Ричард Бёртон
ағылш. Richard Burton
Сурет
Плащаница фильміндегі Ричард Бертон, 1953
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Ричард Уолтер Дженкинс

Туған күні

10 қараша 1925 (1925-11-10)

Туған жері

Уэльс, Понтридифен

Қайтыс болған күні

5 қыркүйек 1984 (1984-09-05) (58 жас)

Қайтыс болған жері

Швейцария, Селиньи

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1944-1984

Марапаттары

Британ империясының ордені

IMDb

ID 0000009

richardburton.com

2002 жылы Би-Би-Си хабар таратушы компаниясы өткізген сауалнама нəтижесінде тарихтағы ұлы британдықтардың бірі болып танылды.

Өмірбаяны

Уэлстағы Понтридифен (қазіргі кезде Нит — Порт-Толбот графтығы) ауылында дүниеге келген. Қарапайым шахтёрдың отбасындағы он үш баланың он екіншісі болған Бёртон Голливудта керемет табысқа жетіп, 1960 жылдары əлемдегі жоғары ақы төленетін актёр атанды.

Бёртонды рөлдерді таңдау кезіндегі талғамсыздығы үшін жиі жазғыратын болған. Сыншылардың міншіл көзқарасының нəтижесінде олар оның үздік актёрлік жұмыстарын көре алмады.

«Оскар» сыйлығына жеті рет ұсынылды (6 рет— үздік ер адам рөлі үшін, 1 рет — екінші реттік үздік ер адам рөлі үшін), бірақ жеңе алмады. Голливудта бұл жағдай қарсылық туғызды, нəтижесінде, 1970 жылы «Оскар» сыйлығын алған Джон Уэйн оны Бёртонға бергендей сыңай танытып, «Бұл негізі сенің статуэткаң» деп, өз наразылығын көрсеткен болатын.

Өмірінің соңғы жылдарында көптеген аурулардан азап шегіп, ұзақ уақыт алкогольге деген құмарлықтан емделіп, бала кезінде-ақ пайда болған никотинге тəуелділікті жеңе алмады. Бұның барлығы 58 жастағы Бёртонның Женеваның Селиния ауданындағы үйінде миына қан құйылуынан қайтыс болуына алып келді. Осыдан төрт күннен кейін қызыл костюмде жəне сүйікті поэты Дилан Томастың шығармалар жинағымен бірге жерленді.

Жеке өмірі

Бёртон бес рет үйленген, соның ішінде екі рет жұлдыз Элизабет Тейлордың жұбайы болып (19641974, 19751976), онымен бірге 11 фильмге түскен. Арасындағы ең ерекше фильм - тарихи шытырман оқиғалы «Клеопатра» (1963). Бұдан бөлек, актёрдің төмендегі жұбайлары болған:

  • актриса Сибил Уильямс (19491963; екі қыздары бар — Кейт пен Джессика);
  • модель Сьюзан Хант (19761982)
  • бет əрлеуші Салли Хэй (1983—өмірінің соңына дейін).

Жастық шағында, Сибил Уильямсқа үйленгеніне қарамастан, актер Клэр Блуммен оның көзіне шөп салады, онымен бірге «Ашуланғанда артыңа қара» жəне «Суықтан келген тыңшы» фильмдеріне түседі. Бёртонның өлімінен кейін Блум оны өмірінің ұлы махаббаты деп атаған болатын.

Таңдаулы фильмографиясы

ЖылыҚазақша атауыТүпнұсқалық атауыРөлі1953Шөл тышқандарыThe Desert Ratsкапитан «Тэмми» МакРобертс
1953ПлащаницаThe RobeМарцелл Галлион
1956Ұлы АлександрAlexander the GreatҰлы Александр
1959Ашумен артыңа қараLook Back in AngerДжимми Портер
1962Ең ұзақ күнThe Longest DayБи-Би-Си офицері, Дэвид Кэмпбелл
1963КлеопатраCleopatraМарк Антоний
1963Өте маңызды азаматтарThe V.I.P.sПол Андрос
1964БекетBacketТомас Бекет 
1964Игуана түніThe Night Of The IguanaТ. Лоуренс Шеннон
1964ГамлетHamletГамлет
1965Суықтан келген тыңшыThe Spy Who Came in from the ColdАлек Лимас
1965Не жаңалық, мысығым?What's New Pussycatер адам
1966Вирджиния Вулфтан кім қорқады?Who’s Afraid of Virginia Woolf?Джордж
1967Адуын әйелді жуасытуThe Taming of The ShrewПетруччо
1967КомедианттарThe ComediansБраун
1968Бум!Boom!Крис Фландерс
1968Бүркіттер ғана ұша алатын жерWhere Eagles Dareмайор Джон Смит
1968Тәтті құмарCandyМакфисто
1969Мың күндік АннаAnne of the Thousand DaysГенрих VIII
1972Көк сақалBluebeardбарон Курт фон Зеппер
1972Троцкийдің өліміThe Assassination Of TrotskyЛев Троцкий
1973СутьескаSutjeskaИосип Броз Тито
1973Римдегі өлтіруMassacre In Romeполковник Герберт Каплер
1974СаяхатIl viaggioЧезаре Брагги
1977Шайтанды қуушыExorcist II: The HereticФилип Ламонт
1977ЭквусEquusМартин Дайсарт
1978Жабайы қаздарThe Wild Geeseполковник Аллен Фолкнер
1978Күнәларды жіберуAbsolutionГоддар
1978Медузаның тиюіThe Medusa TouchДжон Морлар
1979Темір крестBreakthroughсержант Рольф Штайнер
198419841984О’Брайен

Дереккөздер