Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы

Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Сальвадордың атынан сынға түсетін ұлттық құрама. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган: Сальвадор Футбол Федерациясы.

Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы
Конфедерация

КОНКАКАФ

Федерация

Сальвадор Футбол Федерациясы

Бас бапкері

Колумбия Эдуардо Лара

Ең көп
ойын саны

Альфредо Пачеко (88)

Үздік
бомбардир

Рауль Диас Арсе (39)[1]

Үй стадионы

Эстадио Кускатлан

ФИФА рейтингі

93 (20 наурыз 2018)

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

Сальвадор 0:7 Коста-Рика
1921

Ең ірі жеңіс

Сальвадор 12:0 Ангилья
2008

Ең ірі жеңіліс

Венгрия 10:1 Сальвадор
1982

Тарихы

Екі рет әлем чемпионатына қатысқан. 1970 және 1982 жылдары қатысып, бір ұпай да олжалай алмаған. 1982 жылы Мажарстан құрамасынан 1:10 есебімен ойсырай ұтылады. Бұл - әлем чемпионаттары тарихындағы ең ірі жеңіс немесе ірі жеңіліс еді. Сальвадорлықтар сапынан жалғыз голды 64 минутта Луис Рамирес енгізді. Бұл доп әзірге сальвадорлықтардың әлем чемпионатының финалдық турнирлерінде соққан жалғыз гол.

1970 жылдан бері әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып келеді. Аталмыш турнирде барлығы 130 ойын өткізіп, 61 матчта жеңіске жетіпті. 24 ойында тең түсіп, 45 матчта ұтылып қалған. Доп айырмасы: 221-145

КОНКАКАФ турниріне 1963 жылдан бері 16 рет қатысқан. Екі рет (1963, 1981) финалға дейін жеткен. (64 ойын, +18 =18 -28, Доп айырмасы:71-91).

Құрама мергендері

#ФутболшыЖЖГолдар саны
1Рауль Диас Арсе1991–200039
2Хорхе Гонсалес1976–199821
3Родольфо Селайя2008–present21
4Хуан Франциско Барраса1953–196919
Хосе Мария Ривас1979–198919
6Руди Корралес2001–201117
7Луис Рамирес Запата1971–198916
Осаэль Ромеро2007–201316
9Мигел Крус1935–195015
Элисео Кинтанилла2006–201215

Дереккөздер

Сілтемелер