Сон Хын Мин

Сон Хын Мин (кор. 손흥민?, 孫興民?; 8 шілде 1992, Чхунчхон) — оңтүстік кореялық футболшы, "Тоттенхэм Хотспур" клубы мен Оңтүстік Корея құрамасының шабуылшысы.

Сон Хын Мин Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

8 шілде 1992 (1992-07-08) (31 жас)

Туған жері

Чхунчхон, Корея Республикасы

Азаматтығы

 Корея Республикасы

Бойы

183 см

Позиция

жартылай қорғаушы, шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Тоттенхэм Хотспур

Номері

7

Жастар клубы
2008Корея Республикасы Сеул
2008—2010Германия Гамбург
Клуб карьерасы[* 1]
2010Германия Гамбург II6 (1)
2010—2013Германия Гамбург73 (20)
2013—2015Германия Байер 0462 (21)
2015—Англия Тоттенхэм Хотспур232 (93)
Ұлттық құрамы[* 2]
2008—2009Корея Республикасы Корея-1718 (7)
2016—2018Корея Республикасы Корея-23 (олимп.)10 (3)
2010— Корея Республикасы98 (31)

Карьерасы

Клубтық

"Сеул" футбол клубының түлегі. Жастар командасында ойнап жүріп-ақ Еуропаға келді. 2008 жылы 16 жасында "Гамбург" клубына ауысты. 2010 жылы негізгі командамен екі жылдық келісім шарт жасады. 2010 жылы 30 қазанда "Кёльн" қақпасына гол соғып, клуб тарихындағы ең жас гол соққан футболшы атанды.

2010 жылы қарашада "Гамбургпен" келісім шарт мерзімін төрт жылға ұзартты. Германия халқы оны "Корей Мюллері" деп атады.

2013 жылы "Байерге" ауысты. Сол жылы 9 қараша күні бұрынғы командасы "Гамбург" қақпасына хет-трик жасады. Бұл кездесуде "Байер" 5:3 есебімен жеңіске жетті.

2015 жылы "Тоттенхемге" өтті. Келісім шарты 2020 жылға дейін жарамды. 2018/19 және 2019/20 маусымдарының қорытындысы бойынша "Тоттенхэмнің" үздік футболшысы атанды. 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Сон Англия премьер-лигасының "Саутгемптонға" қарсы матчында покер жасады (5:2).

Ұлттық құрама

Сон Хын Мин 2011 жылы Азия кубогында бес кездесуде алаңға шықты да, Үндістанның қақпасына бір гол соқты.

2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Мексиканың қақпасына бір гол соқты. Бірақ бұл ойында Оңтүстік Корея 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Сілтемелер