Мексика Ұлттық футбол құрамасы

Мексика Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Мексиканың атынан сынға түсетін ұлттық құрама команда. Солтүстік Америка құрлығындағы (КОНКАКАФ) ең жүлделі құрама. Өз тарихында ФИФА рейтингісінде 4-ші орынға дейін көтерілген кездері болған (1998, 2003. 2004. 2006).

Мексика Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

үштүстілер (ис. El Tricolor, El Tri)
жасылдар (ис. La Verde)

Конфедерация

КОНКАКАФ

Федерация

Мексика футбол федерациясы

Бас бапкері

Аргентина Херардо Мартино

Капитаны

Андрес Гуардадо

Ең көп
ойын саны

Клаудио Суарес (177)

Үздік
бомбардир

Хавьер Эрнандес (51)

ФИФА рейтингі

11 (19 желтоқсан 2019)[1]

ФИФА коды

MEX

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Сурет:Kit right arm .png
Сурет:Kit shorts .png
Сурет:Kit socks .png
Резервтік

 Гватемала 2:3 Мексика Мексика
(Гватемала; 1 қаңтар 1923)

Үлгі:Байрақ/MEX 13:0 Багам Багам аралдары
(Толука, Мексика; 28 сәуір 1987)

Үлгі:Байрақ/ENG 8:0 Мексика Мексика
(Лондон, Англия; 10 мамыр 1961)

Әлем чемпионатына 15 рет қатысқан. Әзірше ең жоғарғы көрсеткіші ширек финал ғана. Оған да өз жерінде өткен турнирлерде (1970, 1986) ғана қол жеткізген. 1994 жылдан бері Әлем чемпионатына үзбей қатысып келеді. КОНКАКАФ кубогының 10 дүркін жеңімпазы.

Тарихы

Алғашқы матчын 1923 жылы Гватемалаға қарсы өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалған. 1930 жылғы алғашқы әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың бірі. Әлем Чемпионаттары тарихындағы алғашқы кездесуін Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен ұтылып қалды. 1934 жылғы турнирдің іріктеуінде АҚШ-қа жол берді — 2:4. Ал 1938 жылғы бәсекеге қатысудан өздері бас тартты.

Сосын 1950, 1954, 1958, 1962, 1966 жылдары әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып, топтық турнирден аса алмады. Осы аталған бес чемпионаттың бесеуіне де қақпашы Антонио Карбахаль қатысып, бес бірдей әлем чемпионатында ойнаған тарихтағы тұңғыш футболшы атанды (арада 32 жыл өткен соң, бұл рекордты неміс Лотар Маттеус қайталады). Бір айта кетерлігі, 1962 жылы чемпионаттың болашақ күміс жүлдегері Чехословакияны 3:1 есебімен ұтып, ӘЧ тарихындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

1970 жылғы чемпионат Мексикада өтті. Мексикалықтар КСРО, Бельгия, Израиль құрамаларымен "А" тобына түсті. Өз алаңдарында ерекше жігермен ойнаған ацтектер тек КСРО-ны ғана ұта алмады. Бельгияны 2:1, Сальвадорды 4:0 есебімен тізе бүктірді. Бірақ ширек финалда Италия құрамасы бұларды ойсырата ұтты, 4:1. Осылайша Мексика жарысты аяқтады.

1974 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. 1978 жылы ең аяғы турнир дебьютанты Тунистен де ұтылып, топта соңғы орында қалды.

1986 жылғы әлем семпионаты екінші рет Мексикада өтті. Өз топтарында тек Парагваймен ғана тең түсіп, Бельгия мен Иракты тізе бүктірген "қаһармандарымыз" 1/8 финалда Болгарияны да ұта алды — 2:0. Ширек финалда тағы да 1970 жылғы секілді болашақ күміс жүлдегерден — ГФР-ден жеңілді.

1994-2014 жылдары тұрақты түрде 1/8 финалға шығып тұрды, және тұрақты түрде жеңіліп жатты. 2017 жылы Ресейде Конфедерациялар кубогінде үшінші орын үшін таласта Португалияға жол беріп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионаттарында

ЖылдарРаундОйынҰтысТеңҰтылысСоққан гол.Жіберген гол.
19301 раунд3003413
1934Қатысқан жоқ------
1938Бас тартты------
19501 раунд3003210
19541 раунд200227
19581 раунд301218
19621 раунд310234
19661 раунд302113
19701/4421163
1974қатысқан жоқ------
19781 раунд3003212
1982қатысқан жоқ------
19861/4532062
1990қатысқан жоқ------
19941/8 финал412144
19981/8 финал412187
20021/8 финал421144
20061/8 финал411255
20101/8 финал411245
20141/8 финал421153
20181/8 финал420236
Қорытынды16/21571614276098

Дереккөздер

Сілтемелер