Татрең сарыторғай

Татрең сарыторғай - сарыторғайлар тұқымдасы өкілдерінің бірі [1]. Торғайдың дене пішініндей, бірақ құйрығы ұзындау, тұмсығы сүйірленген. Салмағы 15-22 грамм. Аталығы өте әдемі - басы ақшыл көлденең жолақты, арқасы мен кеудесі арқылы өтетін таңғышы ашық сарғылт түсті. Аналығы боздау және бір түсті. Үні-сыңғырлаған, бүкіл сайға естілетін, бірнеше рет қайталанатын әуен.

Татрең сарыторғай

Ғылыми топтастыруы
Әлемі:Эукариоттар
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғайтәрізділер
Тұқымдасы:Сарыторғайлар
Тегі:Сұлыкештер
Түрі:Татрең сарыторғай
Екі-есімді атауы
Emberiza stewarti

Таудың орта белдеуіндегі құрғақ тасты жерлеріндегі бұталарда кездеседі. Бұрын тек Батыс Тянь-Шань тауларында қоныстанған болатын, қазір Іле Алатауында да ұялайды. Ұясын жердегі тастың немесе бір топ шөптің арасындағы шұңқырға салады. 3-5 қоңыр теңбілді сұр жұмыртқаларын аналығы басып шығарады. Балапандарын екеуі асырайды. Жәндіктер және өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірде ұшып келеді, тамыздың соңында ұшып кетеді.

Дереккөздер