УЕФА Еуропа лигасының финалы 2019

2019 жылғы УЕФА Еуропа Лигасының финалы (ағыл. 2019 UEFA Europa League Final) 29 мамыр күні Бакудегі Олимпиада стадионында өтті[1]. Лондонның қос клубы "Арсенал" мен "Челси" бас жүлдені сарапқа салып, "Челси" 4:1 есебімен жеңіске жетті. Матч Әзірбайжан уақыты бойынша 23:00-де (+4) басталды.

УЕФА Еуропа лигасының финалы 2019
Турнир

УЕФА Еуропа лигасы 2018/19

Дата

29 мамыр 2019

Стадион

Олимпиада стадионы, Баку

Толық мақаласы: УЕФА Еуропа лигасы 2018/19

Қатысушылар

КомандаБұған дейін финалға шыққан жылдары
Челси1 (2013)
Арсенал1 (2000)

Стадион

Әзірбайжан тұңғыш рет еурокубоктердің финалын қабылдады. 2015 жылы пайдалануға берілген Бакудегі Олимпиада стадионына 69 870 адам жайғаса алады. Бұл финалды өткізу үшін бұдан өзге Севильядағы "Роман Санчес Писхуан", Ыстанбұлдағы "Водафон Парк" стадиондары да үміткер болды. УЕФА-ның 2017 жылғы 20 қыркүйектегі шешімі бойынша финал орны деп Бакудегі стадион бекітілді.

Мұнда "Карабах" клубы мен Әзірбайжан Ұлттық футбол құрамасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Матч

Протокол

29 мамыр 2019 жыл
Челси4 - 1Арсенал
Оливье Жиру  49'
Педро Родригес  60'
Эден Азар  65' (pen.)72'
ГолдарАлекс Ивоби  69'
Олимпиада стадионы (Баку)
Төреші: Джанлука Рокки
 
Челси
 
Арсенал
GK1 Кепа Аррисабалага
RB28 Сесар Аспиликуэта (к)
CB27 Андреас Кристенсен  68'
CB30 Давид Луиз
LB33 Эмерсон Палмери
CM7 Н'Голо Канте
CM5 Жоржиньо
CM17 Матео Ковачич 76'
RF11 Педро Родригес  56' 71'
CF18 Оливье Жиру
LF10 Эден Азар 89'
Алаңға шыққандар:
DF21 Давиде Дзаппакоста 89'
MF8 Росс Баркли 76'
FW22 Виллиан 71'
Бапкер:
Маурицио Сарри
GK1 Петр Чех
CB5 Сократис Папастатопулос
CB6 Лоран Косельни (к)
CB18 Начо Монреаль 66'
RM15 Энзли Мейтленд-Найлз
CM11 Лукас Торрейра 67'
CM34 Гранит Жака
LM31 Сеад Колашинац
AM10 Месут Өзіл 78'
CF9 Александр Ляказзет
CF14 Пьер-Эмерик Обамеянг
Алаңға шыққандар:
MF29 Маттео Гендоуз 66'
MF59 Жо Уиллок 78'
FW17 Алекс Ивоби 67'
Бапкер:
Унай Эмери

Дереккөздер

Сілтемелер