УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2010

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2010УЕФА Чемпиондар Лигасының 2009/10 жылғы маусымының шешуші матчы. 2010 жылы 22 мамырда Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу"" стадионында өтті. Италияның "Интер" командасы Германияның "Бавария" командасын 2:0 есебімен ұтып, араға 45 жыл салып турнирде топ жарды. Бұл миландықтардың Чемпиондар Лигасындағы үшінші жеңісі.

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2010
Турнир

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2009/10

Стадион

"Сантьяго Бернабеу", Испания Испания

Матч

Матч төрешісі Ховард Уэбб.

Бұл ойында "Сантьяго Бернабеу" стадионының қожайыны "Реал" сапында бұрын ойнаған бес футболшы алаңға шықты — "Бавариядан" Арьен Роббен, "Интерден" Уэсли Снейдер, Эстебан Камбьяссо, Вальтер Самуэль және Самюэль Это’о. "Реалға" қатысы бар тағы бір жәйт — "Интердің бапкері Жозе Моуриньо дәл осы ойыннан кейін "Реалдың" бас бапкері атанды.

Матч тең дәрежеде өтті. Бірақ италиялық клубтың шабуылшысы аргентиналық Диего Милито екі рет өз мүмкіндігін толық пайдаланып, дубль жасады. 35 минутта Уэсли Снейдердің добын айып алаңына кіре берісте қақпаға дәл бағыттады. 70 минутта шеберлігінің арқасында, Даниэль ван Бюйтенді екі рет алдап өтті де, таяу жерден допты торға түсірді. Сол себепті де Милито матчтың үздік ойыншысы атанды.

Бұл маусымда "Интер" хет-трик жасады. Италия чемпионаты мен кубогын, Чемпиондар Лигасын ұтып алды.

Протокол

22 мамыр, 2010.
20. 45 (+1)
Бавария 0–2[1] Интер
ГолдарДиего Милито  35'70'
Santiago Bernabéu, Мадрид
Көрермендер саны: 73,490
Төреші: Ховард Уэбб (Англия)
 
Бавария
 
Интер
GK22 Ханс-Йорг Бутт
RB21 Филипп Лам
CB5 Даниэль ван Бюйтен
CB6 Мартин Демикелис  26'
LB28 Хольгер Бадштубер
CM17 Марк ван Боммел (к)  78'
CM31 Бастиан Швайнштайгер
RW10 Арьен Роббен
AM25 Томас Мюллер
LW8 Хамит Алтынтоп 63'
CF11 Ивица Олич 74'
Алаңға шыққандар:
FW18 Мирослав Клозе 63'
FW33 Марио Гомес 74'
Бапкер:
Луи ван Гаал
GK12 Жулио Сезар
RB13 Майкон
CB6 Лусио
CB25 Вальтер Самуэль
LB26 Крстиан Киву  30' 68'
CM4 Хавьер Дзанетти (к)
CM19 Эстебан Камбьяссо
AM10 Уэсли Снейдер
RF9 Самюэль Это’о
CF22 Диего Милито 90+2'
LF27 Горан Пандев 79'
Алаңға шыққандар:
DF23 Марко Матеррацци 90+2'
MF5 Деян Станкович 68'
MF11 Салли Мунтари 79'
Бапкер:
Жозе Моуриньо

Матчтың есеп-қисабы

БаварияИнтер
Голдар02
Соққылар2111
Дәл бағытталған соққылар67
Доп иелену пайызы68%32%
Айып доптары62
Тәртіп бұзу1613
Ойыннан тыс қалу00
Ескертулер21
Алаңнан қуылу00

Дереккөздер

Сілтемелер