УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009УЕФА Чемпиондар Лигасының 2008/09 маусымының шешуші ойыны. 2009 жылы 27 мамырда Римдегі Олимпиадалық стадионда өтті. Испанияның "Барселона" клубы Англияның "Манчестер Юнайтед" клубын 2:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009
Турнир

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2008/09

Дата

27 мамыр 2009 жыл

Стадион

Олимпико, Рим

Матч

Ойынды манчестерліктер ширақ бастады. Алғашқы 10 минутта төрт қауіпті соққы бағыттаса да, есеп ашылған жоқ. Каталондар бірінші шабуылды-ақ нәтижелі соққы жасады: 10 минутта Андрес Иньестаның добын Самюэль Это'о жақын жерден теуіп торға түсірді. Мұнан соң "Барселона" өз басымдығын берген жоқ.

70 минутта Хавидің әуелетіп асырған добын Лионель Месси баспен ұрып, торға түсірді. Манчестерліктер оқтын-оқтын шабуылдар жасағанымен, нәтиже шығара алмады. Барселона үшінші рет осы турнирде жеңіске жетті.

Басқа да фактілер

Бұл маусымда "Барселона" мүмкін болған жүлделердің барлығын ұтты. УЕФА Чемпиондар Лигасы, Испания чемпионаты, Испания кубогы, Испания суперкубогы, УЕФА Суперкубогы, Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. "Требл" (Испания кубогы және чемпионаты, Чемпиондар Лигасы) жасаған испандық бірінші клуб.

Протокол

27 мамыр 2009
Барселона 2–0[1] Манчестер ЮнайтедОлимпико, Рим
Это'о 10
Месси 70
 
Барселона
 
Манчестер Юнайтед
GK1 Виктор Валдес
RB5 Карлес Пуйоль (к)
CB24 Яя Туре
CB3 Жерар Пике  16'
LB16 Сильвиньо
DM28 Серхио Бускетс
CM6 Хави
CM8 Андрес Иньеста 90+2'
RW10 Лионель Месси
LW14 Тьерри Анри 72'
CF9 Самьюэль Это'о
Алаңға шыққандар:
MF15 Сейду Кейта 72'
FW27 Педро Родригес 90+2'
Бапкер:
Хосеп Гвардиола
GK1 Эдвин ван дер Сар
RB22 Джон О'Ши
CB5 Рио Фердинанд
CB15 Неманья Видич  90+3'
LB3 Патрис Эвра
CM8 Андерсон 46'
CM16 Майкл Кэррик
CM11 Райан Гиггз (к) 75'
RW13 Парк Чжи Сун 66'
LW10 Уэйн Руни
CF7 Криштиану Роналду  78'
Алаңға шыққандар:
MF18 Пол Скоулз  81' 75'
FW9 Димитар Бербатов 66'
FW32 Карлос Тевес 46'
Бапкер:
Алекс Фергюсон

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009