Самюэль Это’о

Самуэль Это’О Филс - камерундық футболшы. 1981 жылы 10 наурызда Камерунның Нконе деген жерінде дүниеге келген

Самюэль Это’о Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Самюэль Это’о Фис[1][2][3][4]

Туған күні

10 наурыз 1981 (1981-03-10) (43 жас)

Туған жері

Дуала, Камерун

Азаматтығы

Камерун

Бойы

180

Салмағы

78

Позиция

шабуылшы

Номері

81

Жастар клубы
1991—1995Камерун Каджи Спортс Академи
Клуб карьерасы[* 1]
1997—2000Испания Реал Мадрид3 (0)
1997—1998 Испания Леганес28 (3)
1999 Испания Эспаньол0 (0)
2000 Испания Мальорка13 (6)
2000—2004Испания Мальорка120 (48)
2004—2009Испания Барселона145 (108)
2009—2011Италия Интернационале67 (33)
2011—2013Ресей Анжи53 (25)
2013—2014Англия Челси21 (9)
2014—2015Англия Эвертон14 (3)
2015Италия Сампдория18 (2)
2015—2018Түркия Антальяспор76 (44)
2018Түркия Коньяспор13 (6)
2019Қатар Катар СК17 (6)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000Камерун Камерун (олимп.)6 (1)
1996—2014 Камерун118 (56)
Бапкерлік карьерасы
2015—2016Түркия Антальяспор

Карьерасы

Физикалық тұрғыда да, техникалық сауаттылығымен де ерекше көрінген камерундық футболшы Еуропаға 16 жасында келген болатын. Сол кезде оған қызығушылық білдірген мадридтік «Реал» келісім-шарт ұсынады. 1997/98 маусымында испандық екінші дивизион клубы «Леганьеске» жалға берілген Самуэль бір жылдан соң Мадридке қайтып келеді.

Франция-98

Он жеті жастан сәл ғана асқан Это’О Камерун құрамасымен бірге Францияның жасыл алаңдарында өткен 1998 жылғы Әлем Чемпионатына қатысып, сол турнирде өнер көрсеткен ең жас футболшы атанды. Италия құрамасына қарсы топтық кезеңнің кездесуінде ойыншы алмасудан кейін алаңға шығып, мундиальде ойнау құрметіне тұңғыш рет ие болады. Тез арада ол өзінің туған елінің құрамасының негізгі құрамында беки түседі де, 2000 жылы Африка Кубогының жеңімпазы атанады. Одан бөлек, Самуэль сол жылы Сидней Олимпиялық ойындарының алтын медальдарын ұтып алады. Екі жыл өтісімен Камерун Африкадағы жетістіктерін қайталайды.

«Корольдік клубтан» «Мальоркаға»

Құрамалар деңгейінде камерундық шабуылшының сөзсіз жетістіктеріне қарама-қайшы, оның «Корольдік клубтағы» халі мәз емес еді. Африкалық футболшы «Реал» сапында Чемпиондар Лигасының үш ойнында ғана алаңға шығып, ақыры 1999 жылы «Мальоркаға» ауысады. Болеар аралдары клубы Самуэльдің өнеріне тәнті болғаны соншалық, бастапқыда жалға алынған ойыншының иелену құқықтарының жартысын «Реалдан» сатып алады. «Мальорка» бұл әріптестіктің бар пайдасын бірден көре бастады. Аралдықтардың құрамында болған уақытында камерундік 133 кездесу өткізіп, 54 доп соқты. Бұл клубтың үздік көрсеткішін танытады. Ал, «Мальорка» испан примерасындағы азулы қарсыластарына тегеурінді қарсылас атанып, 2003 Король Кубогының иесі атанады. Кубоктың ақтық кездесуінде Самуэль Это’О «Рекреативо» қақпасына үш бірдей доп соғып хет-трикке қол жеткізеді.

"Барселонада"

2004 жылы маусым қорытындылары бойынша Африканың үздік футболшысы атанған камерундық шабуылшы сол жылдың 12 тамызында 24 млн. еуроға каталондық «Барселонаға» ауысады. Осы шақтан Это’Оның әлемдік алдынғы қатарлы ойыншылардың тізімінен көрінуі бастау алады. 29 тамызда Сантандердің «Расингіне» қарсы ойында тұңғыш рет «Барселона» жейдесін киген Самуэль клубтағы бірінші камерундық болды. Алғашқы маусымында-ақ 25 гол межесін бағындырған ойыншы сол нәтижелілігін төмендеткен жоқ. Ал, 50 доп деңгейі оған 67-ақ кездесуде бағынды. Мұндай тамаша өнер көрсетулер елеусіз қалуы мүмкін емес еді. Оның қатарынан екі мәрте 2005, 2006 жылдары Африканың үздігі мен 2005 жылы ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үшінші футболшысы болып атануы лайықты баға есебінде болды. 2005/06 маусымда 26 голымен Ла Лиганың үздік сұрмергені ретінде Самуэль Пичичи Жүлдесінің жеңімпазы құрметіне ие болады. Ал, «Стад де Франста» Чемпиондар Лигасының финалындағы оның лондондық «Арсеналға» соққан добы есепті теңестіріп, командасына жеңіске деген сенімін ұялатады.

«Интерде»

Бүгінде каталондықтар сапында 200 ойын ойнап, 130 гол соғып, «Барселона»мен барлық асуларды бағындырған Самуэль Это’O миландық «Интерде» 2009/10 маусымда тағы бір треблге қол жеткізді: Италия кубогын, Италия чемпионатын және УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып алды.

Кейінгі жылдарда

Кейін тағы "Анжи", "Сампдория", "Челси", "Эвертон", "Антальяспор" клубтарында доп теуіп, 2018 жылы қаңтарда "Коньянспор" клубына ауысты.

Жетістіктері

Командалық

«Мальорка»

  • Испания кубогы (1): 2003

«Барселона»

  • Испания чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2008/09
  • Испания кубогы (1): 2008/09
  • Испания суперкубогы (2): 2005, 2006
  • Чемпиондар Лигасы (2): 2005/06, 2008/09

«Интернационале»

  • Италия чемпионы (1): 2009/10
  • Италия кубогы (2): 2009/10, 2010/11
  • Италия суперкубогы (1): 2010
  • Чемпиондар Лигасы (1): 2009/10
  • Клубтар әлем чемпионаты (1): 2010

Камерун

  • Африка чемпионы (2): 2000, 2002
  • Олимпиада чемпионы (1): 2000

Жеке

  • Африканың үздік жас ойыншысы (1): 2000
  • Африканың жыл футболшысы (4): 2003, 2004, 2005, 2010
  • Испания чемпионатының сұрмергені (1): 2005/06 (26 гол)
  • Африка ұлттары кубогының үздік мергені (2): 2006 (5 гол), 2008 (5 гол)
  • «Golden Foot»: 2015

Дереккөздер