Уоллис және Футуна

176°12′06″ б. б. / 13.29167° о. е. 176.20167° б. б. / -13.29167; -176.20167 (G) (O) (Я)

Уоллис және Футуна (фр. Territoire des Iles Wallis et Futuna) – Мұхиттық Аралдардағы жанартаутекті топаралдар, Францияның иелігінде.

Уоллис және Футуна
фр. Territoire des îles Wallis-et-Futuna
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «La Marseillaise»
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліфранцуз тілі
ЕлордаМата-Уту
Ірі қаласыМата-Уту
Үкімет түріФранцияның теңіздің арғы жағындағы аумақ
Президенті
Бас админ
Аумақтық ассамблея
президенті
Эмманюэль Макрон
Мишель Обуэн
Сосефо Сюв
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 221-ші орын
=142[1] км²
Жұрты
• Сарап (2013)
Тығыздығы

12 197 адам (224-ші)
44,51 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
 • Қорытынды (2005)
 • Жан басына шаққанда

188 млн $
12 640 $
ВалютасыФранцуз тынық мұхиттық франк
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.wf
ISO кодыWF
Телефон коды+681
Уақыт белдеулері+12

Сипаттамасы

Аумағы 274 км², халқы 15000 адам, админлік орталық Мата-Уту. Уолли топаралы өзі аттас үлкен арал мен 20 ұсақ аралдардан құралады. Салыстырмалы түрде ойпаттық, жанартаутекті Уоллис аралдарына құз жағалаулар мен су толған жанартау кратерлері тән. Футуна топаралының құрамына екі арал – Футуна мен Алофи кіреді.

Климаты

Аралдарға нөсер жауындар мол жауатын тропиктік климат тән. Аралдар ағылшын теңіз саяхатшысы Самюэль Уоллистің құрметіне аталған.

Тарихы

Екі аралдық топ та 1842 жылы Францияның бақылауына өтіп, кейінірек оның теңіздің аржағындағы аумағына айналды.

Экономикасы

Еңбекке қабілетті халқының 80%-дан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады, кокос, нан ағашын, манго мен көкөністер, шошқа мен тауық өсіреді. Арал тұрғындары сондай-ақ шағын кемелермен балық аулайды. Халқының 5%-ы жергілікті әкімш. жұмысқа тартылған, олар Франциядан қаржы көмегін алып, Оңтүстік Корея мен Жапонияға балық аулау құқығы үшін лицензиялар сатады.

Дереккөздер