Хараппа

Хараппа - (Пенджаб провинциясы, Пәкістан) біздің дәуірімізге дейінгі III—II мыңжылдықтардағы қалалық мәдениетке ат берген ертедегі астана қалдықтары табылған жер. Тұрғын кварталдары тік бұрышты жүйемен жоспарланған. Олардан батысқа қарай қамал орналасқан. Қыруар олжалар (ұсақ пластика, тас мөрлер) мәдени дамудың жоғары дәрежесін көрсетеді.[1]

Дереккөздер