Шандор Кочиш

Шандор Петер Кочиш (мажар. Kocsis Sándor Péter; 21 қыркүйек 1929, Будапешт, Мажарстан — 22 шілде 1979, Барселона, Испания) — мажар футболшысы. Мажарстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Футболдан 1954 жылғы әлем біріншілігінің сұрмергені (11 гол соққан).

Шандор Кочиш Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Шандор Петер Кочиш

Лақап аттары

Алтын басты адам

Туған күні

21 қыркүйек 1929 (1929-09-21)

Туған жері

Будапешт, Мажарстан

Қайтыс болған күні

22 шілде 1979 (1979-07-22) (49 жас)

Азаматтығы

Мажарстан

Бойы

177

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1943—1946Мажарстан Кёбанья Торна
Клуб карьерасы[* 1]
1946—1950Мажарстан Ференцварош89 (70)
1950—1956Мажарстан Гонвед160 (176)
1957—1958Швейцария Янг Феллоуз11 (7)
1958—1965Испания Барселона75 (42)
1946—1965Барлығы335 (295)
Ұлттық құрамы[* 2]
1948—1956 Мажарстан68 (75)
Бапкерлік карьерасы
1972—1974Испания Эркулес

Карьерасы

1958 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанша әлемдік Әлем Чемпионаттарының ең үздік мергені атағын иеленіп тұрған. 1958 жылы 13 гол соққан француз Жюст Фонтен мұны екінші орынға ығыстырды.

Кочиштің халықаралық деңгейдегі карьерасы 1948-56 жылдар аралығында созылды. 1954 жылы әлем чемпионатында екі рет хет-трик жасады. Бір турнирде екі рет хет-трик жасаған тарихтағы жалғыз футболшы. Құрама сапында жеті рет хет-трик жасапты.

Карьерасының көп бөлігінде Будапештің "Гонвед" клубында ойнады. 1966 жылы карьерасын "Барселонада" ойнап жүріп тәмамдады.

1979 жылы Кошичке ота жасамақ болады. Бріақ ота жасауға екі күн қалғанда төртінші қабаттан секіріп, өз-өзін құрбан етеді.

Жетістіктері

  • Олимпиада чемпионы: 1952
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1954
  • Орталық Еуропа кубогы: 1953
  • Жәрмеңкелер кубогы: 1960
  • Мажарстан чемпионы: 1949, 1950, 1952, 1954, 1955
  • Испания чемпионы: 1959, 1963
  • Испания кубогы: 1959, 1963

Жекелей

  • 1954 жылғы әлем чемпионатының мергені: (11 гол)
  • Мажарстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы мергені: 11 гол
  • Мажарстанның үздік футболшысы: 1954
  • Мажарстан чемпионатының мергені: 1951, 1952, 1954

Дереккөздер

Сілтемелер