Қабақ (анатомия)

Қабақ (лат. palpebra — қабақ) — көз алмасын сыртынан жауып тұратын терілі-етті және кірпікті мүше. Ол жоғарғы қабақ және төменгі қабақ болып екіге бөлінеді. Қабақтың негізін қабақ бұлшықеті құрайды. Қабақты сыртынан жауып тұрған тері, оның ішкі бетіне өтіп, қабақтың кілегейлі қабағын (конъюнктиваны), ал одан әрі ол көз алмасын қаптап, көз алмасының кілегейлі қабығын түзеді. Қабақтың кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий астарлайды. Онда көптеген май бездері орналасады. Көздің ішкі бұрышындағы қатпар үшінші қабақ деп аталады. Ол бауырымен жорғалаушылар мен құстарда жақсы жетілген. Қабақ көзді сыртынан жауып қорғап, оған әртүрлі бөгде заттардың түспеуін қамтамасыз етеді.[1]

Қабақтың қанайналым жүйесі.

Дереккөздер