Қара сұрқарлығаш

Қара шулығаш (лат. Apus apus) – шағын денелі (40-45 г, қанатының алымы – 45 см мөлшерінде) шулығаш. Қара шулығаштың реңі – қара, алқымы – ақшыл, қанаты – орақша иілген ұзын және аяғы – өте қысқа. Жылдам және оңтайлы ұшады. Ол әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – «стри-и» деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан «шулығаш» деп аталған.

Қара сұрқарлығаш

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жауарлар
Жамағаты:Chordata
Табы:Aves
Сабы:Ұзынқанаттылар
Тұқымдасы:Apodidae
Тегі:Apus
Түрі:Қара сұрқарлығаш
Екі-есімді атауы
Apus apus
(Linnaeus, 1758)

Еуразия (Байкал аймағынан шығысқа қарай) және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойынан кездеседі[2].

Дереккөздер