Қосполюсті жасушалар

Қосполюсті жасушалар (биполярные клетки) — жасушаның қарама-қарсы екі полюсінен (үйегінен) екі өсінді шығатын жасушалар. Қосполюсті жасушаларғажүйке ұлпасының биполярлы нейроциттері жатады.Қосполюсті нейроциттің жүйкелік тітіркеністі қабылдап, жасуша денесіне (клетка перикарионы — нейроцит ядросы орналасқан бөлігі) өткізетін өсіндісін дендрит, ал жүйкелік тітіркеністі нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге жеткізетін өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Қосполюсті жасушаларға сезім мүшелеріндегі (дәм және иіс сезімі, көру, есту мүшелері) сезімтал нейроциттер дежатады. Жұлын түйіндеріндегі сезімтал нейроциттер жалған униполярлы (бірөсінділі) нейроциттерге жатады.[1]

Дереккөздер