Қуат

Қуат уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама немесе жұмыс істеу шапшаңдығы.

1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт.

2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігінде белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама.

3. Белгілі бір қасиеттерге ие, кодтау теориясындағы көрсеткіш берілген жиында N элементтер санын сипаттайды. М символдарынан N разрядты бірыңғай кодтың қуаты N = т".[1]

Өлшем бірлігі

Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с. Қуаттың еселі өлшемдері:

1 кВт=103Вт, 1 МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады; сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт.

Орта қуат

Бірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін қуат: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі, мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда лездік қуат -

,

dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс.

Механикалық қуат

Дененің қозғалыс бағытымен әсер ететін тұрақты күштің қуатын:

өрнегімен де анықтауға болады, мұндағы F – денеге әсер ететін күш, V – дененің жылдамдығы.

Электр қуаты

Электр қуатының лездік мәні

формуласымен есептеледі.

Реактивті қуат - электротехникалық құрылғылардағы электрмагниттік өріс энергиясынын тербелісі жасайтын жүктемені сипаттайтын шама.[2]

Дереккөздер