Қызылтас (тау, Ақдала қонысы)
Қызылтас – Ақдала қонысының солтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау.
Қызылтас | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 15 км |
Ені | 2 км |
Биіктігі | 649 м |
Орналасуы | |
47°08′23″ с. е. 71°11′52″ ш. б. / 47.13972° с. е. 71.19778° ш. б. (G) (O) (Я) 71°11′52″ ш. б. / 47.13972° с. е. 71.19778° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Қазақстан, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-шығысы |
Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 649 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді 5 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Жер бедері
Беткейі жонды-белесті, етегінде жақпартастар мен қойтастардың үйінділері шоғырланған. Батысында Аққұдық құдығы, оңтүстігінде Сасырлы, оңтүстік-батысында Киіктау таулары бар.
Өсімдігі
Қоңыр, сортаң топырағында бетеге, селеу, көкпек, жусан, боз, бұталар өседі.[1]