Қызылтас (тау, Ақтау таулары)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
Қызылтас – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.
Қызылтас | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы | 7 км |
Ені | 2 км |
Биіктігі | 857 м |
Орналасуы | |
47°52′12″ с. е. 71°33′12″ ш. б. / 47.87000° с. е. 71.55333° ш. б. (G) (O) (Я) 71°33′12″ ш. б. / 47.87000° с. е. 71.55333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 857 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Жер бедері
Беткейі көлбеу төбелерден тұрады. Таудың етегінде қорымтас үйінділері жиналған. Баурайындағы бұлақтардан жылғалар бастау алады. Шығысында Қосшоқы, оңтүстік-шығысында Қотыржал таулары, оңтүстігінде Ақсай, Талдыбұлақ, батысында Жексембі қыстаулары орналасқан.
Өсімдігі
Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, селеу, бұталар, т.б. өседі.[1]