Қызылтас (тау, Қалба жотасы)

 Басқа мағыналар үшін Қызылтас деген бетті қараңыз.

ҚызылтасҚалба жотасының шығыс бөлігіндегі аласа тау.

Қызылтас
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Қалба жотасы

Пайда болған кезеңі

девон

Ұзындығы

4 км

Ені

2,5 км

Биіктігі

1108 м

Орналасуы

49°23′04″ с. е. 83°28′39″ ш. б. / 49.38444° с. е. 83.47750° ш. б. / 49.38444; 83.47750 (G) (O) (Я) 83°28′39″ ш. б. / 49.38444° с. е. 83.47750° ш. б. / 49.38444; 83.47750 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылының оңтүстік-шығысы

Қызылтас (Қазақстан)
Қызылтас
Қызылтас (Шығыс Қазақстан облысы)
Қызылтас

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылының оңтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 1108 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі тіктеу, жартасты келген. Солтүстік-шығысында Ляпунов шоқысы, оңтүстігінде Холодная Сопка (Суықшоқы), оңтүстік-шығысында Серебряная (Күмісті), оңтүстік-батысында Қараала таулары орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Ортаңғы және жоғарғы девон дәуірінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, қызғылт селеу, итмұрын, тобылғы, ешкісабақ, қараған, өзен арналарында қарағай, қайың, т.б. өседі.[1]

Дереккөздер