Құланөтпес (өзен)

ҚұланөтпесТеңіз көлі алабындағы өзен.

Құланөтпес өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы364 км
Су алабының
ауданы
25 900 км²
Су алабыТеңіз
Су ағысы
БастауыАймысық, Айғыржал тауларының солтүстік-шығыс етегіндегі бұлақтар
СағасыТеңіз
 • Координаттары50°21′07″ с. е. 69°15′16″ ш. б. / 50.35194° с. е. 69.25444° ш. б. / 50.35194; 69.25444 (G) (O) (Я) 69°15′16″ ш. б. / 50.35194° с. е. 69.25444° ш. б. / 50.35194; 69.25444 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
ЕлҚазақстан
АймақҚарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары

Географиялық орны

Қарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары арқылы ағады. Ұзындығы 364 км, су жиналатын алабы 25 900 км2, жалпы ұзындығы 46 км болатын 17 саласы бар. Ірілері: Құлшын, Ермек, Сүртеке, Көң, Қараөзек Қараөзек, Соналы, Қазығұрт, т.б.

Бастауы

Аймысық, Айғыржал тауларының солтүстік-шығыс етегіндегі Желаяқ 1 және 2 қыстауларының бұлақтарынан алып, Теңіз көліне құяды.

Гидрологиясы

Қайнар ауылына дейінгі жағасы тік жарлы. Одан төменде аңғары мен арансы кеңейіп сайлы, жарлауытты өңірмен ағады. Теңіз көліне құяр сағысында Нұра өзенімен Құлшын атты қыларнамен байланысқан. Жер асты, жауын-шашын, қар суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Нығман ауылы маңында 3,0 м3/с. Өзен аңғарында Изенді, Қаратомар, Алабайтал, Тұзкөл, Алабас, Жарлыкөл, т.б. ащы, тұзды және тұщы көлдер жатыр.

Өсімдігі, жануарлары

Балыққа (шортан, алабұға, мөңке, сазан, аққайран, т.б.) бай. Өзеннің қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен қорысты-қопалы жерлерінде үйрек, жылқышы, т.б. құстар ұя салады. Орта ағысынан бастап суында тұз мөлшері кемиді, онымен мал суарылады. Жайылмасы – шабындық, алабы – егістік.[1][2][3]

Дереккөздер