Құстардың қайтуы

Құстардың қайтуы[1] - құстардың жылда бір аумақтан екінші аумаққа жаппай қоныс аударуы. Бұл құбылыс — олардың тарихи жағдайда қалыптасқан белгілі бір инстинктке негізделген, тұқым қуалайтын қасиеттерінің бірі. Құстардың кайтуы — климаттың маусымдық өзгерістеріне бейімделуге (қоректік нысандардың және ашық су көздерінің азаюы, т.б.) тікелей байланысты.

Миграция түрлері

  • Отырықшы құстар - бір аймақта тіршілік етіп, көбейетін құстар.
  • Қоныс аударатын құстар - климаттың маусымдық өзгерістерге емес, қоректік қорға байланысты қоныс аударатын құстар.
  • Жыл құстары - күзде жылы аймақтарға жылыстап, көктемде бұрынғы мекендеріне қайта оралып отыратын құстар

Қоныс аударатын құстардың жылдық биологиялық циклы (көбею мерзімінің қысқа болуы, жылына 1 рет жұмыртқа салуы, түлеуі, өте қарқынды және ұзақ болмауы) жылдам өтетін процесс. Қысқа қарай құстар қоңыржай, суық аймақтарда таудан өзен аңғарларына көшіп, суықтан қорғанса, тропиктік аймақта ұя салған жерлерінен таудың биік бөктеріне көтеріліп, қуаңшылықтан сақтанады. Кейбір құстар өте алыс жерлерге ұшып кетеді. Мысалы, Сібірде ұялайтын құралай құсы қыс түсе Балтық жағалауынан Қазақстан және Орта Азия арқылы Үнді-Қытайға қоныс аударады. Ең алысқа қоныс аударатын — поляр қарқылдағы (30 мың км-дей). Ол Арктикада ұя салып, Антарктикада қыстайды. Құстардың кайтуы кезінде құстардың орташа ұшу жылдамдығы сағатына 30 — 50 км-дей (шымшық) 200 — 300 км-ге (торғайлар) жетеді. Күндіз құстар топтанып ұшады. Құстардың кайтуы барлық құстарға тән емес. Мысалы, сары шымшық, жорға торғай, т.б. — отырықшы құс, қарға — Сібірде жыл құсы, Шығыс Еуропада отырықшы.[2]

Қазақстандағы қаз тәрізді құстардың маусымдық миграциясының негізгі жолдары

Шартты белгілер: Суда жүзетін құстардың негізгі ұшып өтетін жолдары

  • Қазақстандағы күзгі кезең бойынша қаз тәрізді құстардың саны (1999-2003 жылдардағы деректерге сәйкес маусым бойынша орташа мың бас)
АймақАққуларҚаздар, қараша қаздарЖер үйректеріӨзен үйректеріСүңгіру үйректерБейнарықтарБарлығы
IЖайық-Каспий10,0560,015,01800,0750,03,03138
IIСолтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан5,02300,0295,05200,02300,08,010108
IIIШығыс Қазақстан0,575,0050,065,035,02,0227,5
IVОңтүстік және Оңтүстік Қазақстан0,540,070,0550,0200,07,0867,5
-Барлығы16,02975,0430,07615,03285,020,014341

Тағы қараңыз

Дереккөздер