Әлпеншек

Әлпеншек (лат. Rhododendron) — көкбұта тұқымдасына жататын бұталы өсімдік.

Әлпеншек
Rhododendron ferrugineum
Rhododendron ferrugineum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Ericales
Тұқымдасы:Ericaceae
Кіші тұқымдасы:Ericoideae
Тайпасы:Rhodoreae
Тегі:Rhododendron
Карл Линней Sp. Pl. i 392 (1753)
түрлері

1,024 түрі белгілі


Еуразия, Солтүстік Америка елдерінде таулы, орманды жерлерде кездеседі. Бұталарының биіктігі 2 — 6 м, түсі сарғыш-қоңыр, не қара-қоңыр, ал жас бұталары жасыл келеді. Жапырақтары қалыңдау, ұзынша, түкті. Гүлдері ірі, ақ сары, қызыл, қызғылт түсті болады, ал күлтесі қызыл болып ашылады. Олар шатырша гүлшоғырына топталған. Қазақстанда әлпеншек тек қана гүл шаруашылықтарында, ботаникалық бақтарда өсіріледі. Әлпеншек қалемшелеу әдісімен көктем-жаз айларында, арнаулы жылыжай, көшетханада көбейтіледі. Өсіп шыққан жас көшеттерді жәшіктерге, кейіннен қыш құмыраларға отырғызады. Олардың күтімі жақсы болса, 1 — 2 жылдан кейін гүлдей бастайды. Әлпеншек — сәндік өсімдік.[1]

Дереккөздер