Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы

Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы (өзб. Oʻzbekiston milliy futbol terma jamoasi / Ўзбекистон миллий футбол терма жамоаси) — халықаралық футбол жарыстарында Өзбекстанның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. 1994 жылдан бері ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы органы — Өзбекстан Футбол Қауымдастығы. 1994 жылғы Азия ойындарының чемпионы.

 Өзбекстан
Логотип
Лақап аты

Ақ бөрілер (өзб. Oq boʻrilar)

Конфедерация

AFC

Федерация

Өзбекстан Футбол Қауымдастығы

Субфедерация

CAFA

Бас бапкері

Сречко Катанец

Капитаны

Эльдор Шомуродов

Ең көп
ойын саны

Сервер Джепаров (128)

Үздік
бомбардир

Эльдор Шомуродов (38)

Үй стадионы

Ұлттық стадион
Пахтакор

ФИФА рейтингі

73 (26 қазан 2023)[1]

Жоғарғы көрсеткіш

45 (қараша 2006 — қаңтар 2007)

Төменгі көрсеткіш

119 (қараша 1996)

ФИФА коды

UZB

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

 Тәжікстан 2:2 Өзбекстан Өзбекстан
(Душанбе, Тәжікстан; 17 маусым 1992)

Ең ірі жеңіс

Өзбекстан Өзбекстан 15:0 Моңғолия Моңғолия
(Чиангмай, Тайланд; 5 желтоқсан 1998)

Ең ірі жеңіліс

 Жапония 8:1 Өзбекстан Өзбекстан
(Сайда, Ливан; 17 қазан 2000)

Азия Кубогы
Қатысу

7 (бірінші 1996)

Жетістіктері

4-ші орын, 2011

Медальдары
Азия ойындары
АлтынХиросима 1994
Афро-Азиялық Ұлттар кубогы
КүмісНигерия/Өзбекстан 1995
Мердека кубогы
АлтынМалайзия 2001
Қытай халықаралық кубогы
ҚолаНаньнин 2019

Тарихы

Өзбекстан құрамасы 2011 жылы.

Өзбекстанда футбол 1912 жылдан бері бар. Қоқан, Ферғана, Әндіжан, Бұхара, Самарқан, Ташкент қалаларында қалаларында шаһараралық жарыстар да өткізілген. Өзбекстанның алғашқы чемпионаты 1926 жылы ұйымдастырылды. 1928 жылы Өзбекстан құрамасы құрылып, одақтық спартакиадаға қатысты. Спартакиадада тарихтағы алғашқы матчын өткізіп, Швейцария жұмысшыларынан құралған құраманы 8:4 есебімен ұтты.

Одақ тарқағасын ғана ресми ойындарын өткізе бастады. Алғаш қатысқан ірі жарысы 1994 жылы Хиросимада өткен Жазғы Азия ойындары. Өзбекстан құрамасы өте жақсы өнер көрсетіп, финалда Қытай құрамасын 4:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. 1995 жылы Азия жеңімпазы ретінде Афро-Азия ойындарына қатысып, Нигериядан ұтылып қалды (үйде 3:2, сыртта 0:1).

Құрама ешқашан Әлем чемпионатына қатысқан емес. ӘЧ-2006 іріктеуінде Азиядағы плей-оффқа жолдама алып, Бахрейнмен күш сынасты. 3 қыркүйекте Ташкентте өткен ойында өзбектердің пенальтиден соғынған голы есептелмей, 1:0 есебі жоққа шығарылды. Өзбектер жағы ФИФА-ға "Бахрейнге 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылсын" деген талап қойылған шағым жазып, ол шағымы қанағаттандырылмай, матч қайта ойнатылды. Қайта ойнатылған ойында Бахрейн басым болды. Ташкентте 1:1, Манамада 0:0.

2010, 2014, 2018 жылғы әлемдік додалардың іріктеулерінде үшінші раундтан аса алмады.

Азия чемпионатына 7 рет қатысқан. Жоғарғы көрсеткіші 4 орын (2011).

Азия кубогында

ЖЖНәтижеПозицияОҰТЖСДЖД
1996Топта10310236
2000Топта123012214
20041/46431052
20071/474202104
20111/2463121013
20151/48420255
20191/87421173
Бары7/724113103544

Рекордшылар

2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша[2]

Жуан жазумен жазылған ойыншылар Өзбекстан құрамасында әлі де белсенді.

Ең көп ойын өткізгендер

Сервер Жепаров Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (128 матч).
#ФутболшыОйынГолЖылдар
1Сервер Жепаров128252002–2017
2Тимур Кападзе119102002–2015
3Одил Ахмедов108212007–2021
4Игнатий Нестеров10502002–2019
5Анзур Исмаилов10232007–2019
6Александр Гейнрих97312002–2017
7Азизбек Хайдаров8512007–2018
8Ислам Тухтаходжаев7322009–2021
9Виталий Денисов7212006–2018
10Игорь Сергеев70182013–

Үздік бомбардирлер

Эльдор Шомурадов 38 гол соққан Өзбекстанның үздік бомбардирі.
#ФутболшыГолОйынАрақатынасЖылдар
1Эльдор Шомурадов38690.552015–
2Максим Шацких34610.561999–2014
3Миржалол Қасымов31670.471992–2005
Александр Гейнрих31970.332002–2017
5Сервер Жепаров251280.22002–2017
6Одил Ахмедов211080.192007–2021
7Игорь Шквырин20310.651992–2000
8Игорь Сергеев18700.252013–
9Жафар Ирисметов15360.421997–2007
10Ұлықбек Бақаев14520.272001–2014

Дереккөздер

Сілтемелер