Өндіріс

 Басқа мағыналар үшін Өндіріс (айрық) деген бетті қараңыз.

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

  • сол өнімді дайындайтын табиғи зат
  • өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
  • адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
  • аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Өндіріс түрі

Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс

Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.

Өндірістік қуаттылық

Өндірістік қуаттылық - уақыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең үлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.

Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) - осы өндірісте өнімдерді шығару мен өңдеуге қажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.[1]

Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.

Өндірісті қайта құру

Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.[2]

Дереккөздер