Blizzard Entertainment

Blizzard Entertainment, Inc. — америкалық әзірлеуші және компьютер ойындарының баспашысы, Activision Blizzard баспасының бөлімшесі. Компанияны 1991 жылы Калифорния университетін бітірген Аллен Адам, Фрэнк Пирс және Майк Морхейм ашты. Компания штаб-пәтері Калифорнияның Ирванштайн қаласында орналасқан. Басында студияның аты Silicon & Synapse, содан кейін Chaos Studios болған. Алғашында студия басқа компаниялардың ойындарын түрлі платформаларға порттарын жасаумен айналысты. Сосын 1993 жылдан бастап, студия The Lost Vikings және Rock n' Roll Racing сияқты ойындарын жасауды бастады. 1994 жылы Warcraft ойынын халыққа ұсынғаннан кейін Blizzard студиясының аты әлемге танылды. Осыдан кейін жаңа ойындарды шығара бастады. Олардың ішінде: Warcraft ойынын бірнеше жалғасы, Starcraft, Diablo және World of Warcraft MMORPG-сы.

Blizzard Entertainment

2008 жылы 9 Vivendi Games пен Activision қосылуы арқылы Blizzard холдингтік компания пайда болған. 2013 жылы 25 шілдеде Vivendi компаниясынан 429 000 000 акция сатып алу арқылы тәуелсіз компанияға айналды.

Blizzard тарихында ойындар жасау мерзімінің ұзаруы болып тұратын, бірақ бұл ойынды жақсарту үшін жасалынған болатын. Дегенмен ойын жанкүйерлері жамансыз жақсы болмайды деп жаңа ойынды таңырқай күтеді. Өйткені Blizzard компаниясы классикалық ойындар шығарушы абыройымен әйгілі және оның ойындары релиздан кейің бірнеше жылдар бойы сатылады. Олардың әрбір ойыны Warcraft-тан бастап, үздік сатылымға ие болады.

Тарихы

Bllizzard Entertaiment –тің тарихы 1991 жыдың ақпанында басталады, яғни Silicon & Synapse компаниясы қаланған кезде басталады. Компанияның қалаушылары Майк Морхейм, Аллен Адам және Фрэнк Пирс болған. 2016 жылы Марк Майхем, компанияны ашуға Марктың әжесі көмектесті[1].

Silicon & Synapse Rock N' Roll Racing пен The Lost Vikings (баспагері-Interplay Entertainment) ойындарын шығарды. 1994 жылы компания атын «Chaos Studios» -қа ауыстырады, бірақ, бұндай аттың бос еместігі анықталады, сондықтан, олар атын «Blizzard Entertainment»-қа ауыстырады. Сол жылы компания Davidson & Associates дистрибьюторымен 10 миллион долларға сатып алынды. Шамалы уақыттан кейін Blizzard алғашқы хитті Warcraft:Orcs & Humans –ті сатылымға шығарады.

Сосын компаниянын иесі бірнеше рет аусты: 1996 жылы Davidson компанясын Sierra On-Line-мен бірге CUC International компаниясы сатып алды; 1997 жылы CUC HFS Corporation-мен Cendent Software компанияға бірікті . Бірақ 1998 жылы компаниялардың бірігуінің алдында CUC-тің ірі ақшалай махинацияларға қатысқандығы туралы белгілі болады. Келесі алты айдың ішінде Cendant-тың акциялары 80 %-ға төмендейді. Компания бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын филиалдарың, оның ішінде Blizzard-ті де, француз баспагері Havas-қа сатады. Бірақ, сол жылы Vivendi компаниясы Havas-ты сатып алды.

1996 жылы Blizzard, Diablo ойының жасап жатқан, Condor Games студиясын сатып алады .Кейінірек,студия атын Blizzard North-қа өзгертеді, сол кезден бастап студия Diablo сериясынын ойындарын шығарады. Blizzard North Сан-Матеода (Калифорнияда) орналасқан.

1997 жылдың қарашасында Diablo экшн-рпг-сінің шығарылуымен бірге Blizzard Battle.net онлайн сервисін іске қосады. 2002 жылы Blizzard, Silicon & Synapse шығарған Interplay Entertainment баспагері болған, бұрынғы үш ойынынға құқықтарын қайтарады, содан кейін осы ойындарды Game Boy Advance платформасына шығарады. 2004 жылы Париждің жанында офистерді ашады, бұл офистер Еуропадағы WOW ойынына техникалық қолдау көрсетеді. 2004 жылдың 23 қарашасында Blizzard World of Warcraft (WOW) ойының жарыққа шығарады ,бұл ойын өте тез атақты болды және тарихтағы ең атақты MMORPG-ға айналады. 2005 жылдың 16 мамырында Blizzard Swingin’ Ape Studios-ты сатып алады, бұл консольдерге ойын жасайтын студия болған, ол StarCraft:Ghost ойының жасауды бастайды. Кейінірек атауы Blizzard Console-ға ауысады, ал студия назарын консольдардың жаңа буынына аударады, бірақ StarCraft:Ghost-тың шығарылымы белгісіз мерзімге созылады. 2005 жылдың 1 тамызында Blizzard Blizzard North-тың Ирвайнадағы (Калифорниядағы) басты офисқа орнын ауыстыратыны туралы жариялайды.

2007 жылдың желтоқсанында Activision компаниясы Blizzard Entertainment-пен бірігетіні туралы жарияланады[2].

2010 жылы WOW-та 12 миллион жазылушысы болды, ал 2015 жылы тек 5,6 миллион жазылушысы болған, егер біз 2005 жылдың соңынан санасақ, бұл ең төмен көрсеткіш.

Осыған қарамастан, WOW әлі де MMORPG арасында ең көп жазылушылары бар ойын және де бұл ойын Гиннесс реккордтар кітабына, әлемдегі ең әйгілі MMORPG ретінде тіркелінген. 2008 жылдың сәуірінде WOW MMORPG-лар нарығының 62 % құраған. 2008 жылғы 59-шы Technology & Engineering Emmy Awards жылдық фестивалінде Blizzard WOW-ты жасағаны үшін жүлделенді.

Ойындар

Ойындар тізімі

АтыЖылПлатформасыЖанры
Silicon & Synapse
RPM Racing1991Super NintendoАвтосимулятор
The Lost Vikings1993Amiga, Amiga 32, GBA, MS-DOS, Genesis, Super NintendoСайд-скроллер
Rock n' Roll Racing1993Genesis, Super Nintendo, GBAАвтосимулятор
Blizzard Entertainment
Warcraft: Orcs & Humans1994ДК (MS-DOS, Mac OS)Шынайы уақыттағы стратегия
Blackthrone1994Super Nintendo, MS-DOS, Sega 32X, Mac OS, GBAПлатформер
Justice League Task Force1995Super Nintendo, GenesisФайтинг
The Death and Return of Superman1995Super Nintendo, GenesisСайд-скроллер
Warcraft II: Tides of Darkness1995ДК (MS-DOS, Mac OS, Windows, Linux, AmigaOS 4), Saturn, PlaystationШынайы уақыттағы стратегия
Diablo1996ДК (Windows, Mac OS), PlayStationAction/RPG
The Lost Vikings 21997Super Nintendo, Saturn, PlayStation, WindowsСайд-скроллер
Starcraft1998ДК (Windows, Mac OS), Nintendo 64Шынайы уақыттағы стратегия
Diablo II2000ДК (Windows, Mac OS, macOS)Action/RPG
Warcraft III: Reign of Chaos2002ДК (Windows, Mac OS, macOS)Шынайы уақыттағы стратегия
World of Warcraft2004ДК (Windows, macOS)MMORPG
Starcraft II: Wings of Liberty2010ДК (Windows, macOS)Шынайы уақыттағы стратегия
Diablo III2012ДК (Windows, macOS), PlayStation 3, Xbox 360, PlayStation 4, Xbox OneAction/RPG
Hearthstone2014ДК (Windows, macOS), Android, iOSЖинақтамалы карталы ойын
Heroes of the Storm2015ДК (Windows, macOS)MOBA
Overwatch2016ДК (Windows), PlayStation 4, Xbox OneБірінші жақтағы шутер

Үстемелер тізімі

ҮстемеОйынЖылПлатформа
Warcraft II: Beyond the Dark PortalWarcraft II: Tides of Darkness1996ДК (MS-DOS, Mac OS, Windows, Linux, AmigaOS 4), Saturn, Playstation
StarCraft: Brood WarStarCraft1998ДК (Windows, Mac OS)
Diablo II: Lord of DestructionDiablo II2001ДК (Windows, Mac OS, macOS)
Warcraft III: The Frozen ThroneWarcraft III: Reign of Chaos2003
World of Warcraft: The Burning CrusadeWorld of Warcraft2007ДК (Windows, macOS)
World of Warcraft: Wrath of the Lich King2008
World of Warcraft: Cataclysm2010
World of Warcraft: Mists of Pandaria2012
StarCraft II: Heart of the SwarmStarcraft II: Wings of Liberty2013
Diablo III: Reaper of SoulsDiablo III2014ДК (Windows, macOS), PlayStation 3, Xbox 360, PlayStation 4, Xbox One
World of Warcraft: Warlords of DraenorWorld of WarcraftДК (Windows, macOS)
StarCraft II: Legacy of the VoidStarcraft II: Wings of Liberty2015
World of Warcraft: LegionWorld of Warcraft2016
World of Warcraft: Battle for Azeroth2018, жасалып жатыр

Қайта шығарулар

АтыЖылПлатформасыЖанры
Warcraft II: Battle.net Edition1999ДК (Windows, Mac OS)Шынайы уақыттағы стратегия
StarCraft: Remastered2017ДК (Windows, macOS)Шынайы уақыттағы стратегия
Diablo II: RemasteredБелгісізБелгісізAction/RPG
Warcraft III: RemasteredШынайы уақыттағы стратегия

Көшірмелер

Аты

Жылы

ПлатформасыЖанры
Silicon & Synapse
Battle Chess1992Windows 3.x, Commodore 64Шахмат
Battle Chess II: Chinese ChessAmiga
J.R.R. Tolkien’s The Lord of the Rings, Vol. IRPG
CastlesСтратегия
MicroLeague BaseballСпорттық симулятор
Lexi-CrossMacintoshОйжұмбақ
Dvorak on TypingДамытатын ойындар
Shanghai II: Dragon's Eye1994Windows 3.xМаджонг

Негізгі франшизалар

Қазіргі кезде Blizzard-та ойын индустрияда 4 негізгі франшизасы бар: Warcraft, StarCraft, Diablo және Overwatch (сонымен қатар олардың кроссовері – Heroes of the Storm). Осы сериялардың көбісі бірнеше ойынан және олардың желілерін мен сеттингтерің дамытатын, комикс мен кітаптардан турады. Бұдан басқа, 2016 жылы Warcraft-тің экрандауы шықты.

Шықпаған ойындар

Белгіл шықпаған ойындар ішінде 1998 жылы 22 маусымда жасауы тоқтатылған, Warcraft Adventures: Lord of the Clans, Shattered Nations және 2006 жылы 24 наурызында "кейінге қалдырған" StarCraft: Ghost. 2014 жылы 23 қыркүйекте 7 жыл бойы жасалған "Титан" проектінің болдырмауы хабарланды.

Бұрынғы қызметкерлер

Уақыт өте келе Blizzard-тың кейбір қызметкерлері студиядан кетіп, өз ойын компнияларын ашты:

  • Flagship Studios – Hellgate:London ойынын шығарған және Mythos ойынымен жұмыс істеген. Қазіргі кезде компания банкротқа ұшырап, ресми түрде жабылды.
  • Runic Games – Flagship Studios жабылған соң құрылған компания. Torchlight дилогиясының жасаушылары.
  • ArenaNet – Guild Wars ойының шығарған.
  • Ready at Dawn Studios[3]
  • Red 5 Studios
  • Castaway Entertainment
  • Hyboreal Games
  • Nethera Studios
  • Carbine Studios
  • Super Evil Megacorp

Blizzard Battle.net

1997 жылы іске қосылған компанияның ойын сервисі. Қазіргі кезде Diablo және StarCraft сериялардың барлық ойындарды қолдайды. Warcraft сериясы Warcraft II: Battle.net Edition-нан бастап, қолдауға алынған. Әр түрлі географиялық аймақтарда ойнауға арналған 5 серверден тұрады. Сонымен қатар, сайт түрінде де жұмыс істейді. Сайтта ойыншыларға арналған форумы және ойындарға байланысты көптеген ақпарат бар.

Ойнаудан басқа, сервис ойыншыларға бір-бірімен байланысуға және кландарға біругуге мүмкіндік береді. Кейбір шайқастар түрлері бойынша рейтинг жүргізілуде, дегенмен өз рейтингіне әсер етпей ойнауға болады. Battle.net-те жүйелі түрде турнинлер өткізіледі. Сонымен қатар, Warcraft III: The Frozen Throne, Starcraft: BroodWar және World of Warcraft ойындары бойынша Battle.net Season аталатын ауқымды турнир өткізіледі. Оның финалы локалды желіде өткізіледі.

Blizzard өз сервистің негізгі кодын жарияламаса да, ұксас қызметтерді атқаратын альтернативті сервистер бар. Осы серверлердің негізгі бағдарламалық жасақтамасы, реверс-инженеринг арқылы жасалған PvPGN болып табылады.

2016 жылы Battle.net клиентінің аты Battle App-ға аустырылды. Сервистің аты өзгермей қалды.

2017 жылы сервистің соңғы аты тандалды. Ол – Blizzard Battle.net.

Дереккөздер