Антони (футболшы)

Антони Матеус дус Сантус (порт. Antony Matheus dos Santos; 2000 жылы 24 ақпанда туған, Озаску), Антони ретінде белгілі (порт. Antony) — бразилиялық футболшы, ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы. Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Антони Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Антони Матеус дус Сантус

Туған күні

24 ақпан 2000 (2000-02-24) (24 жас)

Туған жері

Озаску, штат Сан-Паулу, Бразилия

Азаматтығы

 Бразилия

Бойы

174 см

Позиция

шеткі шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Манчестер Юнайтед

Номері

21

Жастар клубы
2010—2018Бразилия Сан-Паулу
Клуб карьерасы[* 1]
2018—2020Бразилия Сан-Паулу48 (6)
2020—2022Нидерланд Аякс57 (18)
2022—Англия Манчестер Юнайтед25 (4)
Ұлттық құрамы[* 2]
2019—2021Бразилия Бразилия U2318 (5)
2021— Бразилия16 (2)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
АлтынТокио 2020

Клубтық карьерасы

Озаску тумасы, Антони 2010 жылы «Сан-Паулу» футбол академиясында карьерасын бастады. 2018 жылы «Сан-Паулу» клубының 17 жасқа дейінгі құрамасында Жапонияда өткен Джей лигасының жолдастық кездесуінде жеңіске жетіп, турнирдің үздік ойыншысы деп танылды[1].

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Антони, Элиньо және Игор Гомис Сан-Паулудың негізі құрамасына ілікті[2]. Сонымен бірге Антони Сан-Паулумен 2023 жылға дейін кәсіби келісімшартқа қол қойды[1]. 2018 жылы 15 қарашада клуб үшін дебютін жасады, «Гремиоға» қарсы Бразилияның Серия А матчында Элиньоның орнына шықты[3][4]. 2019 жылы 13 ақпанда ол өзінің Либертадорес кубогында дебютін жасады, екінші іріктеу турында аргентиналық «Тальерес» командасына қарсы ойнады[5].

2020 жылы 22 ақпанда «Аякспен» 5 жылдық келісімшартқа қол қойды[6]. Трансфер құны 15,75 млн еуроны құрады және бонустарды ескере отырып ұлғаюы мүмкін[6].

2022 жылдың 30 тамызында ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы Антонимен келісімге қол жеткізгенін жариялады[7]. Трансфер құны 95 млн еуроны (82 млн фунт стерлинг) құрады, бірақ белгілі бір бонустарға қол жеткізілген жағдайда тағы да 5 млн еуроға (4,3 млн фунт стерлинг) өсуі мүмкін. Антони клубпен 2027 жылға дейін және тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен келісімшарт жасасты[8].

Жетістіктері

«Аякс»

Бразилия құрамасы (23 жасқа дейін)

Дереккөздер

Сілтемелер

  • Профилі «Манчестер Юнайтед» ФК ресми сайтында (ағыл.)