Олимпиада ойындары

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Олимпиада ойындары
Ұйымдар
Хартия • ХОК • ҰОК • Рәміздер
Спорт түрлері •
Ойындар
Көне Олимпиада ойындары
Жазғы Олимпиада ойындары
Қысқы Олимпиада ойындары
Паралимпиада ойындары
Жасөспірімдер Олимпиада ойындары

Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраныCitius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".

Барон Пьер де Кубертен.

Шығу тарихы

Ежелгі Олимпиядағы стадион

Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.

Алғашқы олимпиада ойындарының қабырға қағазы.

Даму барысы

19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6 – 15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері

Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.

Бүл дәстүр, Лондонда өткен 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан басталады. Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталатын, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйлаған болатын.

Бұл Олимпиада ойындарының алтын медальдарына ең көп ие болған спортшылар тізімі.

СпортшыЕлСпорт түріОлимпиада
Алтын
Күміс
Қола
Барлығы
Майкл Фелпс  АҚШЖүзу2000-б.к.140216
Рей Юри  АҚШЖеңіл атлетика1900-1908100010
Лариса Латынина  КСРОГимнастика1956-196495418
Пааво Нурми  ФинляндияЖеңіл атлетика1920-192893012
Парк Спитц  АҚШЖүзу1968-197291111
Карл Льюис  АҚШЖеңіл атлетика1984-199691010
Дэли Бьорн  НорвегияШаңғы жарысы1992-199884012
Савао Като  ЖапонияГимнастика1968-197683112
Дженни Томпсон  АҚШЖүзу1992-200483112
Мэтт Бионди  АҚШЖүзу1984-199282111
Николай Андрианов  КСРОГимнастика1972-198075315

Екі түрлі спорт түрінен чемпиондар болған спортшылар

Қысқы және жазғы
  • Эдди Иган (1897/1967)  АҚШ - Бокс 1/0/0 және Бобслей 1/0/0
  • Якоб Тулин Тамс (1898/1954)  Норвегия - Шаңғы жарысы 1/0/0 және Желкенді спорт 0/1/0
  • Криста Лудинг (1959) Үлгі:GDR - Мәнерлеп сырғанау 2/1/1 және Велоспорт 0/1/0
  • Клара Хьюз (1972)  Канада - Велоспорт 0/0/2 және Мәнерлеп сырғанау 1/1/2
Жазғы
  • Отто Хершман (1877/1942)  Аустрия - Жүзу 0/1/0 және Семсерлесу 0/1/0
  • Пол Радмилович (1896/1968)  Ұлыбритания - Жүзу 1/0/0 және Су добы 3/0/0
  • Джонни Вайсмюллер (1904/1984)  АҚШ - Жүзу 5/0/0 және Су добы 0/0/1
  • Росвита Краузе (1949)  Германия - Жүзу 0/1/0 және Қол добы 1/1/0
  • Тим Шоу (1957)  АҚШ - Су добы 0/1/0 және Жүзу 0/1/0
  • Ребекка Ромеро (1980)  Ұлыбритания - Есу 0/1/0 және Велоспорт 1/0/0
Қысқы
  • Зузи Эрдман (1968) Үлгі:GDR - Шана спорты 0/1/1 және Бобслей 0/0/1
  • Герда Вайссенштайнер (1969)  Италия - Шана спорты 1/0/0 және Бобслей 0/0/1

Олимпиада нышандары

Лозаннадағы Олимпиада мұражайы.

Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.

Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.

Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "тезірек, жоғарырақ, күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.

Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.

Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері

Ресми спорт түрлері
XIX ғасырXX ғасырXXI ғасыр
Спорт түрі9600040608122024283236485256606468727680848892960004081216
Жеңіл атлетика 12232521263029272729293333333436363837384142434446464747#
Есу  5564457777777777714141414141414141414#
Бадминтон  · ·455555#
Баскетбол  ··  111111112222222222#
Бокс  7 5 88888810101010111111111212121212111113#
Б
а
й
д
а
р
к
а
-
к
а
н
о
э
Байдаркада және каноэде есу  · 9999777711111212121212121212#
Слаломдық есу  4 444444#
В
е
л
о
с
п
о
р
т
БМХ  22#
Маунтинбайк  22222#
Трек жарысы 52756 44444444455544567812121010#
Шоссе жарысы 1 1 22222222222222233344444#
Ат спорты  3 5756566665666666666666##
Семсерлесу 375845677777778888888881010101010#
Футбол  11111111 111111111111122222#
Гольф  22  #
Г
и
м
н
а
с
т
и
к
а
спорттық 8111424498119915151414141414141414141414141414#
көркем  11122222#
батут  2222#
Ауыр атлетика 2 22 5555567777799101010101015151515#
Қол добы  1 12222222222#
Көгалдағы хоккей  1 1 11111111111222222222#
Дзюдо  4 66887141414141414#
Күрес 1 8410510131314141616161616162020202020202016181818#
Ж
ү
з
у
Жүзу 47946910111111111111131518292926262931313232323434#
Синхронды жүзу  22212222#
Суға секіру  21245544444444444444448888#
Су добы  11 111111111111111111112222#
Қазіргі бессайыс  11111112222222222212222#
Регби  1 1 11  #
Таэквондо  ·· 8888#
Теннис 24246855 · ·4444445#
Үстел теннисі  4444444#
Садақтан ату  66 3 10 22224444444#
Нысана көздеу 59 1615182110 234776678771113131517171515#
Триатлон  2222#
В
о
л
е
й
б
о
л
Жағажай волейболы  ·22222#
Волейбол  2222222222222#
Желкенді спорт  7 4414334455555566678101011111110#
Барлық жарыстар43869678110102156126109116129136149151150163172195198203221237257271300301302300#

Олимпиада ойындарының өткізілу орындары

Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.
Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.

Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді.

Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз дауыс жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.

Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Аустралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.

Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19):

Астында 2020 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының тізімі көрсетілген.

Жазғы Олимпиада ойындарыҚысқы Олимпиада ойындары
ЛоготипіЖылОйындарӨткізілген орыныЛоготипіЖылОйындарӨткізілген орыны
ҚалаЕлҚалаЕл
1896I жазғы Олимпиада ойындарыАфина
Грекия
1900II жазғы Олимпиада ойындарыПариж
Франция
1904III жазғы Олимпиада ойындарыСент-Луис
АҚШ
1906Жазғы Олимпиада ойындары 1906
(ресми түрде мойындалмаған)
Афина
Грекия
1908IV жазғы Олимпиада ойындарыЛондон
Ұлыбритания
1912V жазғы Олимпиада ойындарыСтокгольм
Швеция
I VI жазғы Олимпиада ойындары Бірінші дүниежүзілік соғыс болғандықтан өткізілген жоқ
-1916VI жазғы Олимпиада ойындарыБерлин
Германия
1920VII жазғы Олимпиада ойындарыАнтверпен
Бельгия
Қысқы Олимпиада ойындары өткізіле бастады
1924VIII жазғы Олимпиада ойындарыПариж
Франция
1924I қысқы Олимпиада ойындарыШамони
Франция
1928IX жазғы Олимпиада ойындарыАмстердам
Нидерланд
1928II қысқы Олимпиада ойындарыСанкт-Мориц
Швейцария
1932X жазғы Олимпиада ойындарыЛос-Анджелес
АҚШ
1932III қысқы Олимпиада ойындарыЛейк-Плэсид
АҚШ
1936XI жазғы Олимпиада ойындарыБерлин
Германия
1936IV қысқы Олимпиада ойындарыГармиш-Партенкирхен
Германия
I XII, XIII жазғы Олимпиада ойындары және V, VI қысқы Олимпиада ойындары Екінші дүниежүзілік соғыс болғандықтан өткізілген жоқ
Сурет:Tokyo 1940 Summer.jpg1940XII жазғы Олимпиада ойындарыТокио
Жапония
-1940V қысқы Олимпиада ойындарыСаппоро
Жапония
-1944XIII жазғы Олимпиада ойындарыЛондон
Ұлыбритания
-1944VI қысқы Олимпиада ойындарыКортина д'Ампеццо
Италия
1948XIV жазғы Олимпиада ойындарыЛондон
Ұлыбритания
1948V қысқы Олимпиада ойындарыСанкт-Мориц
Швейцария
1952XV жазғы Олимпиада ойындарыХельсинки
Финляндия
1952VI қысқы Олимпиада ойындарыОсло
Норвегия
1956XVI жазғы Олимпиада ойындарыМельбурн
Аустралия
1956VII қысқы Олимпиада ойындарыКортина д'Ампеццо
Италия
1960XVII жазғы Олимпиада ойындарыРим
Италия
1960VIII қысқы Олимпиада ойындарыСкво-Велли
АҚШ
1964XVIII жазғы Олимпиада ойындарыТокио
Жапония
1964IX қысқы Олимпиада ойындарыИнсбрук
Австрия
1968XIX жазғы Олимпиада ойындарыМехико
Мексика
1968X қысқы Олимпиада ойындарыГренобль
Франция
1972XX жазғы Олимпиада ойындарыМюнхен
Германия
1972XI қысқы Олимпиада ойындарыСаппоро
Жапония
1976XXI жазғы Олимпиада ойындарыМонреаль
Канада
1976XII қысқы Олимпиада ойындарыИнсбрук
Австрия
1980XXII жазғы Олимпиада ойындарыМәскеу
Кеңес Одағы
-1980XIII қысқы Олимпиада ойындарыЛейк-Плэсид
АҚШ
1984XXIII жазғы Олимпиада ойындарыЛос-Анджелес
АҚШ
1984XIV қысқы Олимпиада ойындарыСараево
Югославия
1988XXIV жазғы Олимпиада ойындарыСеул
Оңтүстік Корея
1988XV қысқы Олимпиада ойындарыКалгари
Канада
1992XXV жазғы Олимпиада ойындарыБарселона
Испания
1992XVI қысқы Олимпиада ойындарыАльбертвиль
Франция
1994 жылдан бастап қысқы және жазғы Олимпиада ойындары арасына екі жыл салып өтіп тұрады
1996XXVI жазғы Олимпиада ойындарыАтланта
АҚШ
1994XVII қысқы Олимпиада ойындарыЛиллехаммер
Норвегия
2000XXVII жазғы Олимпиада ойындарыСидней
Аустралия
1998XVIII қысқы Олимпиада ойындарыНагано
Жапония
2004XXVIII жазғы Олимпиада ойындарыАфина
Грекия
2002XIX қысқы Олимпиада ойындарыСолт-Лейк-Сити
АҚШ
2008XXIX жазғы Олимпиада ойындарыБейжің
Қытай
2006XX қысқы Олимпиада ойындарыТурин
Италия
2012XXX жазғы Олимпиада ойындарыЛондон
Ұлыбритания
2010XXI қысқы Олимпиада ойындарыВанкувер
Канада
2016XXXI жазғы Олимпиада ойындарыРио-де-Жанейро
Бразилия
2014XXII қысқы Олимпиада ойындарыСочи
Ресей
2020XXXII жазғы Олимпиада ойындарыТокио
Жапония

2018XXIII қысқы Олимпиада ойындарыПхенчхан
Оңтүстік Корея
2024XXXIII жазғы Олимпиада ойындарыбелгісізбелгісіз
2022XXIV қысқы Олимпиада ойындарыБейжің
Қытай

Қазақстан Олимпиада ойындарында

Тағы қараңыз

Дереккөздер


Сыртқы сілтемелер