Ария

Ария (итал. ariaән) – опера, оперетта, оратория немесе кантатаның ішіндегі жеке дауыстағы әнші оркестрдің сүйемелдеуімен орындайтын дербес шығарма. Ария кең тынысты, биік үнге арналған сазды болып келеді. Концертте жеке орындалатын немесе аспаптық пьеса түріндегі Ария да болады. Арияның ариозо, ариетта, каватина, ария-монолог, т. б. түрлері болады[1][2].

Дереккөздер