Барух Бламберг

Барух Самуэль Бламберг (ағылш. Baruch Samuel Blumberg; 28 шілде 1925 жыл, Нью-Йорк — 5 сәуір 2011 жыл[1], Калифорния) — американдық дәрігер және ғалым, 1976 жылғы Карлтон Гайдушекпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері[2][3].

Барух Самуэль Бламберг
ағылш. Baruch Samuel Blumberg
Туған күні

28 шілде 1925 (1925-07-28)

Туған жері

Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ

Қайтыс болған күні

5 сәуір 2011 (2011-04-05) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

Үлгі:Байрақ/United States

Ғылыми аясы

Вирусология

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1976)
Джон Скотт медалі (1998)

Өмірбаян

Бламберг Бруклинде, қорғаушыы Меер Блумберг пен Ида Симоновтың — Ресейден қоныс аударған еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Флэтбуште оқыған, яһудилік діни мәтіндерін оқи білген, ежелгі еврей тілінде оқып-жазуды үйренген. Осы мектепте сондай-ақ, басқа Нобель сыйлығының иегері Эрик Кандел оқыған.

1940 жылдардың басында білімін Фар-Рокуэй мектебінде жалғастырды, бұнда Бертон Рихтер және Ричард Фейнман сияқты атақты ғалымдар оқыған[4]. Мектептен соң — АҚШ флотының қатарында, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан[2]. Ол 1945 жылы Шененктадидегі (Нью-Йорк) Юнион колледжін үздік дипломмен бітірді.

Колумбия университетіне түсіп, Колумбия дәрігер-хирургиялық колледжінде оқып, 1951 жылы магистр дәрежесін алды. Келесі төрт жылда ол негізінен интернатурада, содан кейін Columbia Presbyterian Medical Center-де тағылымдамадан өтті. Содан кейін биохимиямен айналысып, Баллиол-колледжде, Оксфордте оқуын жалғастырды. 1957 жылы докторлық диссертацияны қорғады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер