Бен Барнс

Бенджамин Томас «Бен» Барнс (ағылш. Benjamin «Ben» Barnes; 20 тамыз 1981, Лондон, Ұлыбритания) — ағылшын актері, «Хроники Нарнии: Принц Каспиан», «Хроники Нарнии: Покоритель Зари», «Дориан Грей», «Седьмой сын» фильмдерінің арқасында танымал атанған.

Бен Барнс
Ben Barnes
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Бенджамин Томас Барнс

Туған күні

20 тамыз 1981 (1981-08-20) (42 жас)

Туған жері

Лондон, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актер, әнші

Белсенді жылдары

2006—қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 1602660

Өмірбаяны

Бен 1981 жылы 20 тамызда Лондон қаласында дүниеге келген. Оның әкесі, Томас Р. Барнс, Лондондық Империялық колледждің психиатрия профессоры. Анасы Триша Барнс, отбасы және некеге байланысты мәселелерді шешетін кеңесші болатын. Беннің Джек атты кіші ағасы бар. Актер Kingston University университетінде білім алып, 2004 жылы National Youth Music театрының мүшесі атанады. 1997-2003 жылдар аралығында өлең айтып, дабыл және фортепианода ойнайды.

Мансабы

Барнстың кәсіби сыны 2004 жылы «Loving Ophelia» қойылымындағы Данте Габриэль Россеттидің рөлі болатын. «Liquid News», «Making Up Your Mind», «Doctors» және «Split Decision» сияқты телебағдарламаларға түсіп, 2006 жылы «The History Boys» қойылымында Дэйкиннің рөлін иеленеді. Бен «Hyrise группасында өлең айтып, 2004 жылы «Eurovision 2004» ән байқауына қатысады. Кейін Бен «Звёздная пыль» (2007) және «Больше Бена» (2008) фильмдерінде түседі. 2010 жылы «Хроники Нарнии: Покоритель Зари», 2009 жылы «Лёгкое поведение» және тағы басқа фильмдерде рөлдерге ие болады.

Жеке өмірі

Жеке өмірін жасырын сақтауды жөн деп санайды.

Фильмография

2006 —Doctors; «Facing Up» — Крэг Анвин2006 — Split Decision (ТВ) — Крис Уилбур2007 — Stardust — Данстан2008 —Bigger than Ben — Cobakka2008 —The Chronicles of Narnia: Prince Caspian — Каспиан принці2008 —Easy Virtuе — Джон Уиттейкер2009 —Dorian Gray — Дориан Грей2010 —Locked in — Джош2010 —The Chronicles of Narnia: The Voyage of the Dawn Treader — Каспиан принці 2010 — Killing Bono — Нейл МакКорми2012 —The Wordsжас жігіт 2013 — The Big Wedding — Алехандро Гриффин2014 — God Only Knows — Ник Тортано2015 — The Seventh Son — Том Уорд

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Бен Барнс