Грекия Ұлттық футбол құрамасы


Грекия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Грекияның намысын қорғап, осы мемлекеттің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Грекия Футбол федерациясы.

Грекия
Лақап аты

«Эллиндер»

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Грекия футбол федерациясы

Бас бапкері

Германия Михаэль Скиббе

Капитаны

Василис Торосидис

Ең көп
ойын саны

Георгиос Карагунис (139)

Үздік
бомбардир

Никос Анастопулос (29)

Үй стадионы

Афины Олимпиада стадионы
Караискакис

ФИФА рейтингі

45 (+2) (15 ақпан 2018)

ФИФА коды

GRE

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

 Грекия 1:4 Италия 
(Афина, Грекия; 7 сәуір 1929)

 Грекия 8:0 Кипр 
(Афина, Грекия; 25 қараша 1949)

 Мажарстан 11:1 Грекия 
(Будапешт, Мажарстан; 25 наурыз 1938)

2004 жылғы Еуропа Чемпиондары, УЕФА, ФИФА мүшесі.

Тарихы

Алғаш қатысқан ірі жарысы — 1980 жылғы Еуропа Чемпионаты. Арада 14 жыл өткен соң, 1994 жылы АҚШ-та өткен Футболдан Әлем Чемпионатына қатысты. Топтық турнирдегі үш ойында да жеңіліп, бір доп та соға алмай, сәтсіздікке ұшырады.

2004 жылғы Еуропа чемпионаты

Келесі ірі жарысты 10 жыл күтті. 2004 жылы Португалияда өткен құрлықтық додада күтпеген жерде гректер алтын жүлдені иемденіп кетті. Олар Португалия, Ресей, Испаниямен бір топқа түсті. Әуелі, алаң иелерін 2:1 есебімен ұтты. Карагунис пен Басинастың голына 90-минутта тек Криштиану Роналду ғана қарымта қайыра алды. Келесі турда тағы бір пиренейлік құрама — испандармен ұпай бөлісті. 28 минутта есеп ашқан Морьентестің голына 57-минутта Харистеас жауап берді — 1:1.Соңғы турда Ресей құрамасынан 1:2 есебімен ұтылса да, келесі сатыға жолдама алды. Ширек финалда оларды Еуропаның сол кездегі чемпионы — Франция құрамасы күтіп алды. Зидан, Анри секілді жұлдыздары бар құрама гректерден өте алмады: 64 минутта құрама капитаны Теодорос Загоракистің асырған добын Ангелос Харистеас дәл соқты — 1:0 Жартылай финалда Чехиямен болған тартысты ойында тағы да Грекияның бағы жанды. 105-ші минутта Траянос Деллас баспен соғып, "күміс голдың" авторы атанды.

Финалда тағы да Португалия құрамасымен тоқайласты. 90 минут бойы португалдар басымдық танытса да, соңында гректер 1:0 есебімен жеңіске жетті де, Еуропа Чемпионы атанды. Голды 57-минутта тағы да Ангелос Харистеас соқты.

"Шынымды айтсам, біз 2:0 есебімен ұтуымыз керек еді. Қанағатсыздығым емес, гол соғатын мүмкіндіктерді толық пайдаланған жоқпыз" деген болатын сонда гректердің бапкері Отто Рехагель.

"Гол соғылған сәттен бастап қуанышым қойныма сыймай жүрді. Ойынның бітуіне жарты сағаттан астам уақыт бар болса да жеңіске жететінімізге сендім" дейді финалдағы жалғыз голдың авторы Ангелос Харистеас.

Кейінгі жылдары

2008 жылғы Еуропа Чемпионатында құрама топтық кезеңнен өте алмады. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатына қатысып, үш ойыннан үш ұпай ғана алды. Бұл көрсеткіш 1/8 финалға шығуға аздық етті. Есесіне екінші ойында Нигерияны ұтып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты және алғашқы жеңісін тойлады.

2012 жылғы Еуропа Чемпионатына да қатысып, ширек финалда Германия құрамасына жол берді — 1:4.

Рекордшылар

  • 2014 жылғы жағдай

Көп матч өткізгендер

ФутболшыКарьераМатчГол
1Йоргос Карагунис1999—201413910
2Теодорос Загоракис1994—20071201
3Константинос Кацуранис2003—201511610
4Ангелос Басинас1999—20101007
5Стратос Апостолакис1986—1998965
6Антониос Никополидис1997—2008900
7Ангелос Харистеас2001—20118825
8Димитрис Салпингидис2005—20148212
9Йоргос Самарас2006—819
10Димитрис Саравакос1982—19947822
11Теофанис Гекас2005—20147824
12Стелиос Яннакопулос1997—20097712
13Тасос Митропулос1978—1994778
14Никос Либеропулос1996—20127613
15Василис Торосидис2007—737

Мергендер

ФутболшыКарьераГолМатч
1Никос Анастопулос1977—19882974
2Ангелос Харистеас2001—20112588
3Теофанис Гекас2005—20142478
4Димитрис Саравакос1982—19942278
5Димитрис Папаиоанну1963—19782161
6Никос Махлас1993—20021861

Әйгілі футболшылары

Әйгілі жаттықтырушылары

Сілтемелер