Жарық шығаратын диод

Жарық шығаратын диод — электр сигналдарын жарыққа түрлендіргіш болатын жартылай өткізгіш диод. Жарық шығаратын диодтың негізгі элементі — электрондық-тесіктік өту. Тікелей жылжығанда электрондардың энергияның ең жоғары деңгейінен төмен деңгейіне өту себебінен жарықтың кванттары сәулеленеді. Толқынның сәулелену ұзындығы диод материалымен (галлий фосфидті және галлий арсенидті; кремний карбиді) анықталады. Көрінетін спектрінде сәулелендіретін Жарық шығаратын диодтер жарық көрсеткіш ретінде пайдаланылады. Жарық қашықтық өлшеуіштерде спектрдің жақыл инфрақызыл бөлігінде сәулелендіретін галлий арсенидті Жарық шығаратын диодтер пайдаланылады. Олардың негізгі құндылығы — сәулелену модуляциясының қарапайымдылығы.[1]

Дереккөздер