Жулиано Беллетти

Жулиано Хаус Беллетти (порт. Juliano Haus Belletti; 20 маусым 1976 жыл, Каскавеле, Парана, Бразилия) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. 2002 жылғы әлем чемпионы.

Жулиано Беллетти Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

20 маусым 1976 (1976-06-20) (47 жас)

Туған жері

Каскавел, Парана штаты, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия
Италия Италия

Бойы

174[1]

Салмағы

71

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1994—1995Бразилия Крузейро22 (0)
1995—2002Бразилия Сан-Паулу54 (4)
1999 Бразилия Атлетико Минейро17 (5)
2002—2004Испания Вильярреал59 (6)
2004—2007Испания Барселона71 (1)
2007—2010Англия Челси54 (5)
2010—2011Бразилия Флуминенсе9 (0)
2011Бразилия Сеара0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2001—2005 Бразилия23 (1)

Карьерасы

Карьерасында Бразилия, Испания, Англия чемпионаттарында ойнады. 2002 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, тек бір ойында (Түркиямен кездесуде бес минут қана) алаңға шықты, соған қарамастан әлем чемпионы атанды.

Карьерасын "Крузейро" клубында бастады. Одан кейін "Сан-Паулу" клубына ауысып, алты жыл бойы ойнады (1994-2000).

2000 жылы "Вильярреал" футболшысы атанды.

2004 жылы "Барселонаға" ауысып, тағы да жұлдызды шақтарын бастан өткізді, Испания чемпионы атанды, Чемпиондар лигасын ұтып алды. 2006 жылы чемпиондар лигасының финалында "Арсеналға" қарсы ойында 71 минутта Олегердің орнына алаңға шығып, 10 минуттан соң матч тағдырын шешкен голды соқты (2:1).

2006/07 жылғы маусымда клубқа жаңадан келген Джанлука Дзамброттамен негізгі құрам үшін күресуге тура келді.

2007 жылы жазда "Челсиге" ауысып, үш маусым ойнады. Тек 2010 жылы кететін жылы ғана Англия чемпионы атандыы.

2010 жылы "Флуминенсеге" ауысты, бұл жақта да жарақатының кесірінен алаңға көп шыға алмады.

2011 жылы маусым айында "Сеараға" ауысты, бірақ арада бір ай өтпей карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық

«Крузейро»

  • Минейро лигасының чемпионы: 1996

«Атлетико Минейро»

  • Минейро лигасының чемпионы: 1999

«Сан-Паулу»

  • Паулиста лигасы (2): 1998, 2000
  • Рио-Сан-Паулу турнирі: 2001

«Барселона»

  • Испания чемпионы (2): 2004/05, 2005/06
  • Испания суперкубогы (2): 2005, 2006
  • Чемпиондар лигасы: 2006

«Челси»

  • Англия чемпионы: 2009/10
  • Англия кубогы (2): 2008/09, 2009/10
  • Англия суперкубогы: 2009

«Флуминенсе»

  • A сериясының чемпионы: 2010

Бразилия

  • Әлем чемпионы: 2002

Жеке

  • «Челсидің» маусымдағы үздік голының авторы: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер