Креационизм

Креационизм (лат. creatio, creationis — жарату) — биологияда органикалық дүниенің көп түрлілігі, теологиялық және дүниетанымдық түсінік (өмір), органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын көзқарас. Ол биологияда түр өзгермейді, эволюциялық дамымайды деп қарайды. 18-19 ғасырлардың басында көптеген зерттеушілер осы көзқарасты қолдады. Бірақ Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі креационизмге қирата соққы берді. Ол биологиялық түрдің өзгеретіндігін дәлелдеп, олардың өзара байланыстылығын ашты.

Жарық жаратылысы. Гюстав Доре гравюрасы

Тарихы

Креационизм термині жақында пайда болғанмен, оның тарихы діннің тарихымен тығыз байланысты. Бұл термин XIX ғасырда кең қолданыла бастады. Креационизм "Көне келісімде" айтылған әлемнің жаратылу тарихын растайды. Әртүрлі ғылыми деректер, әсіресе эволюция теориясының таралуы, жаңа ғылыми көзқарастар мен әлемнің діни бейнесі арасында қайшылықтарды тудырды. Осының әсерінен креационизм пайда болды.

1932 жылы Ұлыбританияда "Эволюцияға қарсы қозғалыс" басталды. Оның мақсаты "ғылыми" мәліметтерді таратып, эволюцияның жалған екенін, ал библиялық әлем бейнесінің ақиқат екенін көрсету. 1970 жылы бұл қозғалыстың белсенді қатысушылар саны 850ге жетті. 1972 жылы Ұлыбританияда "Ньютон атындағы ғылыми одақ" құрылды[1].

АҚШ-та креационисттер арқасында кейбір штаттардағы қоғамдық мектептерде эволюциялық биологияны үйретуге тыйым салынды. Ал 1960 жылдары "Жас жер креационисттері" мектептерде "ғылыми креационизм" сабақтарын енгізу мақсатына жетті.

1975 жылы таза креационизмнің мектепте үйретілуі сот шешімі бойынша заңсыз деп есептелінгендіктен, оның атауын "Жаратылыс ғылымы" деп, ал 1987 жылы "Жүйелі ой" деп өзгертті. Алайда бұл атауға да сот жүзінде 2005 жылы тыйым салынды[2][3].

Қазіргі уақытты әртүрлі елдерде осы бағытты ұсатанатын көптеген қоғамдық ұйымдар, топтар мен одақтар бар. АҚШ-та 4еу, Ұлыбританияда 4еу, Аустралияда 2еу, Оңтүстік Кореяда 2еу, Украинада 2еу, Ресейде 2еу[4][5], Түркияда 1еу, Венгрияда 1еу, Сербияда 1еу[6].

Креационизм исламда

Исламңың эволюциялық теорияға сыни көзқарасы христиандық сынмен салыстырғанда әлдеқайда қатал. Ол кейбір жерлерімен француздық постструктуалисттердің "Символдық айырбас және өлім", "Терроризм жаны" (Ж. Бодрийяр), "Капитализм және шизофрения" (Ж. Делез, Ф. Гваттари) секілді шығармаларында бейнеленген идеяларына ұқсас. Қазіргі уақытта исламдық креационизмнің белсенді таратушысы Харун Яхья болып табылады. Харун Яхьяның эволюция теориясы туралы мәлімдемелері әртүрлі ғылыми сындарға түседі[7].

Сонымен қатар тағы біршама исламдық ғалымдар Харун Яхьяның ойларымен келіспейді. Мысалға, Франция Мұсылмандар Ұйымының президенті Далиль Бубакёр Харун Яхьяның кітаптарына пікір қалдырып, "Эволюция ғылыми факт" және де "Эволюция теориясының Құранға ешқандай қарама қайшылығы жоқ" деп:
"Ол түрлердің өзгеріссіз қалатынын фотосуреттер көрсетіп дәлелдегісі келеді, алайда кейбір түрлердің пайда болып,ал кейбір түрлердің неліктен жоқ болып кететінін түсіндіре алмайды."[8] айтады.

Оған қоса социолог Малек Шебель 2007 жылы ақпанда "Le Monde" газетіндегі интервьюде: " Ислам ешқашан ғылымнан қорыққан емес... Исламға дарвинизмнен қорқудың еш қажеті жоқ... Ислам эволюция тарихы мен адамзаттың мутациясынан қорықпайды" деп айтқан болатын[8].

Исламда, адамдар мен жындарды Құдай жаратты делінген. Сонымен қатар қазіргі кездегі көптеген сунниттердің эволюция теориясы туралы көзқарастары эволюциялық креационизмге жақын.[9][10][11][12]

Мұражайлар

Жаратылыс музейі, Цинциннати қаласы (АҚШ)
"Жаратылыс куәгерлер музейі" Глен Роуз, Техас штаты

Қазіргі кезде креационисттердің құрастырған мұражайлары төрт елде жұмыс жасайды. Ең көбі АҚШта - 21, Канадада 5 музей, Ұлыбритания мен Түркияда бір бірден[13].

1984 жылы Техаста Карл Бо "Жаратылыс куәгерлер мұражайының" негізін салды. 2007 жылы 28 мамырда американдық Цинциннати қаласында үлкен креационизм мұражайы ашылды. Компьютерлік технология арқасында бұнда альтернативті Жер тарихы бейнеленген. Мұражайдың негізін қалаушылардың айтуы бойынша, әлемді жаратқаннан бері 10000 жыл ғана өтті. Бұл мұражай Таурат және Інжіл арқасында жасалынды. Мұражай ашылуынан бұрын 600 академик балаларды бұл мұражайға кіргізуге болмайтын туралы петицияға қол қойды.

Дереккөздер