Макао

113°33′30″ ш. б. / 22.16167° с. е. 113.55833° ш. б. / 22.16167; 113.55833 (G) (O) (Я)

Макао арнайы әкімшілік аймағы (порт. Macau) немесе Аомынь (澳門|澳门, Àomén, Oumun) — Қытай республиканың құрамындағы автономиялық аймақ. Бұрынғы Португалия отары.

Макао (Аомынь) әкімшілік аймағы[1]
қыт. 中華人民共和國澳門特別行政區
БайрақЕлтаңба
Макао мемлекеттік әнұраны
Тарихы
Тәуелсіздік күні20 желтоқсан 1999 (Португалиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліқытай тілі, португал тілі
ЕлордаMunicipality of Macau
Үкімет түріАрнаулы әкімшілік аймақ
Орындаушы әкімшісі
Әділет басқарушысы
Сот төрағасы
Ассамблея президенті
Фернандо Чуи
Флорида Чан
Сам Хоу Фай
Хо лат Сенг
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 235 орын
29,5 км²
0
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ
Тығыздығы

653 100[2] адам
165-ші адам
21 204,54 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
 • Қорытынды (2013)
 • Жан басына шаққанда

51,8 млрд $ (78-ші)
87 306[3] $ (4-ші)
Этнохороним92,4% қытайлықтылтар
2,7% филиппиндіктер

1,5% ағылшындар
1,4% португалдықтар
2,0% басқалар

ВалютасыМакао патакасы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.mo
ISO кодыMO
ХОК кодыMAC
Телефон коды+853
Уақыт белдеулері+8
Макао

Халық саны — 653,531 адам (2020[4]). Ресми тілдері: португал тілі және қытай тілі (катон диалекті)].

Макао арнайы әкімшілік аймағы (порт. Região Administrativa Especial de Macau) 1999 ж. 20 желтоқсанда Макао португалиялық отарын жойылуына байланысты құрылды. Сонымен, Қытайдағы 2 арнаулы әкімшілік аймағының бірі болды (екіншісі - Гонконг).

1557 жылдан бастап 442 жыл Макаоны Португалия басқарған, Шығыс Азиядағы Еуропаның ертеден келе жатқан отарының бірі болған. Қытайға қайтарылғаннан кейін арнайы әкімшілік аймағы статусын алды. Қытайдың құрамына кірген мен Макаоның айтарлықтай автономиясы бар: өзінің заңдары, әділет, қаржы, кедек және эмиграциялық жүйелері бар. Болжам бойынша, бұл статусты Макао 2049 жылға дейін тағы 50 жыл сақтайды.

Географиясы

Макао — Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауында орналасқан.

Макаоның құрамына кіреді:

  • Макао түбегі
  • Тайпа аралы
  • Колоан аралы.

Жалпы ауданы - 27,2 км².

Жер беті - жазық. Екі арал да түбекпен көпірлермен байланысады.

Ең биік жері - Колоан-Альто (172,4 м.).

Климаты

Қаңтарда орта есеппен Макао ауа температурасы 14 °C

шілдеде 14 °C

Жылына орта есеппен 2100 мм жауын-шашын түседи.

Әкімшілік бөлінуі

Макао арнайы әкімшілік аймағы 2 муниципалитеттен тұрады:

  • Макао Муниципалитеті (континенталды):[5].
    • Носса-Сеньора-ди-Фатима
    • Санту-Антониу
    • Сан-Лазару
    • Сан-Лоренсу
    • Се
  • Аралдар Муниципалитеті:[6]
    • Носса-Сеньора-ду-Карму
    • Котаи
    • Сан-Франсиску Шавьер
Аймақтар
 АймақАуданы,
км²
Халықы,
адам
 АймақАуданы,
км²
Халықы,
адам
1Носса Сеньора ди Фатима3,2201 0005Се (Макао)3,440 600
2Санту Антониу1,1112 9006Носса Сеньора ду Карму6,863 300
3Сан Лазару0,630 9007Котаи5,80
4Сан Лоренсу1,048 3008Сан Франсиску Шавьер7,63 300

Дереккөздер