Пампа

Пампа (ис. pampa, кечуа тілінде - жазық, дала) – Оңтүстік Америкада Аргентина мен Уругвайдың едәуір бөлігін алып жатқан лесстен құралған субтропиктік жазық дала; Оңтүстік Американың қоңыржай белдеуінде Аргентинаның территориясын түгелімен дерлік алып жатқан кең байтақ жазық дала; солтүстігіңде – тропиктік ормандармен, Гранчако саванналарымен, шығысында – Атлант мұхитымен, оңтүстігінде – Патагония шөлейтімен, ал батысында – Анд тауларымен шектеседі. Пампаның шығыс аймақтары ылғалды, жауын-шашынның жылдық мөлшері - 800- 1000 мм.[1]

Пампа бұрын мал шаруашылығына кең пайдаланылып келді, соңғы уақытта көптеп егін шаруашылығына да игерілді. Оның шығыс жағында Оңтүстік Американың ең ірі бидай өндіру ауданына айналған құнарлы қара топырақты алқап орналасқан.[2]

Дереккөздер