Ресейдегі президент сайлауы (2024)

2024 жылғы 15–17 наурызда Ресейде президенттік сайлау өтті.[1] Бұл — елде өткен сегізінші сайлау және 18 наурызда жарияланған Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше оның нәтижесінде Владимир Путин жалпы дауыстың 87% астамын жинап, жеңіс жетіп, бесінші рет сайланды.[2] Путиннің инаугурациясы 7 мамыр күні жоспарланған.[3]

2024 жылғы Ресейдің президенттік сайлауы
1517 наурыз 2024 жыл
Сайлау түріПрезиденттік сайлау
Кандидаттар4
Қатысқандар
77,44 %  +9,9
Владимир Путин – Партиясыз
Дауыс76,277,708
87,28 %
Николай Харитонов – Коммунистік
Дауыс3,768,470
4,31 %
Владислав Даванков – Жаңа адамдар
Дауыс3,362,484
3,85 %
Леонид Слуцкий – РЛДП
Дауыс2,795,629
3,20 %
Ресейдегі президент сайлауы (2024)
Ресей президенті
БосатушыСайланған
Владимир Путин
Партиясыз
Владимир Путин
Партиясыз
Сайлау логотипі

2023 жылғы қарашада соғысқа қарсы пікірлері үшін белгілі Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин тіркелген саяси партиядан қолдау көріп, осы сайлаудағы өз үміткерлігін жариялаған тұңғыш адам болды.[4] Одан кейін қатысатынын белгілі қылған адам президент Владимир Путин болды. Ол 2020 жылы Конституцияға жасалған түзетулердің көмегімен қайта сайлануын заңды қылған еді.[5][6][7] Путиннен кейін РЛДП басшысы Леонид Слуцкий, Коммунистер өкілі Николай Харитонов, Жаңа адамдар мүшесі Владислав Даванков пен басқалар өз үміткерлігін жариялады. 8 ақпанда Надеждинның тіркелуден өте алмағаны белгілі болды.[8]

2018 жылғы президенттік сайлауда болғандай, ресейлік оппозицияның ең көрнекті мүшесі Алексей Навальныйға[9][10][11] «қылмыстық істері» себебінен сайлауға қатысуға тыйым салынған және ол сайлау бойы түрмеде қала береді деген болжам көп.[12][13] Навальныйға қарсы қозғалған қылмыстық істерді көпшілік саяси астары бар деп көрді және соның салдарынан көптеген бақылаушылар, әсіресе Батыс елдеріндегі сарапшылар сайлау әділ өтпейді деп санайды. Навальный 2024 жылғы 16 ақпанда, сайлау басталмай тұрғанда түрмеде қайтыс болды.[14] Сарапшылар сайлау барысында 2022 жылы Украинамен кең ауқымды соғысты бастағаннан бері саяси қуғын-сүргіндерді күшейтіп жүрген президент Путиннің үстемдік етуін болжаған.[15]

Сайлаудың соңғы күнінде ресейлік оппозиция «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясын жариялады.

Сайлау жүйесі

Үміткерлерге қойылған талаптар

Ресей Конституциясының 81-бабының 3-тармағы бойынша Ресей президенті қатарынан екі мәрте қайта сайлана алмайды. 2020 жылғы түзетулерден кейін Путинның бұрынғы екі мерзімі саналмай қалды да, оған тағы екі рет қайта сайлануға рұқсат берілді.

Жаңа конституцияға сүйенсек, президентікке үміткерге қойылған шектеулер:

  • 35 жастан үлкен болғаны жөн;
  • 25 жыл бойы Ресей тұрғыны болғаны қажет;
  • сайлау кезінде де, оған дейінгі кез келген уақытта да шетел азаматтығы, не шет елде тұруға ықтиярхаттың болмауы жөн.

Үміткерлері

Тіркелген үміткерлер

Орталық сайлау комиссиясына үміткер боламын деген мақсатпен құжаттарын тапсырып қойғандар саны бастапқыда 15 адам болса,[16] ресми тіркеліп, бюллетеньде қалғандар арасында тек төртеуі болған:

Аты-жөні, жасы,
саяси партиясы
ЛауазымыТуған өлкесіСайлауалды
бағдарламасы
Қосымша ақпаратТіркелген күні
Владислав Даванков
(39)
Жаңа адамдар
Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары
(2021–)
Мемлекеттік дума депутаты
(2021–)
Мәскеу

(Ресми сайты)
Партия конгресі Даванковты 2023 жылғы желтоқсанда ұсынды. Оған қоса оны Өсім партиясы қолдады. Даванков өз құжатын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырған еді.[17][18]5 қаңтар 2024
Владимир Путин
(71)
Партиясыз
Қазіргі Ресей президенті
(2000–2008, 2012–)
Ресей премьер-министрі
(1999–2000, 2008–2012)
ФСБ директоры
(1998–1999)
Мәскеу

(Ресми сайты Мұрағатталған 14 наурыздың 2024 жылы.)
2023 жылғы желтоқсанда сарбаздарды марапаттау рәсімінде Путин сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Оны Біртұтас Ресей, Әділ Ресей — Ақиқат үшін және т.б. партиялар қолдады.

Путин сайлауға қатысу үшін құжаттарды 2023 жылғы 18 желтоқсанда тапсырып, 20 желтоқсанда тіркелген.[19][20]

29 қаңтар 2024
Леонид Слуцкий
(56)
Либералды-демократиялық партия
Ресейдің Либералды-Демократиялық партиясының басшысы
(2022–)
Мемлекеттік дума депутаты
(1999–)
Мәскеу

(Ресми сайты)
РЛДП Слуцкийді 2023 жылғы желтоқсанда партияның съезінде ұсынды. Ол өз құжаттарын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды.[21][22]5 қаңтар 2024
Николай Харитонов
(75)
Коммунистік партия
Мемлекеттік дума депутаты
(1993–)
Краснодар өлкесі

(Ресми сайты)
Харитоновты партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды.Ол бұрын 2004 жылғы сайлаудағы үміткерлердің бірі болған еді және жалпы дауыстың 13.7% жинаған. Харитонов өз құжаттарын 2023 жылғы 27 желтоқсанда және 2024 жылғы 3 қаңтарда тапсырған.9 қаңтар 2024

Қабылданбаған үміткерлер

Желтоқсанның соңына қарай ОСК 33 түрлі кандидат сайлауға қатысады дегенін, және сол үміткердің 15 ғана құжаттарын тапсырғанын жариялады.

Аты-жөні, жасы,
саяси партиясы
ЛауазымыТуған өлкесіСайлауалды бағдарламасыҚосымша ақпаратДереккөздерЖинаған қолтаңба
саны
Сергей Малинкович
(48)
Ресей коммунистері
Алтай өлкелік заң шығарушы жиналысының төрағасы
(2021–)
Ресей коммунистері Орталық комитетінің төрағасы
(2022–)
Алтай өлкесі
2023 жылғы 28 желтоқсанда Малинковичты партиясы үміткер ретінде ұсынды және өз құжаттарын 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды. 2 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы жинаған қолтаңбасында қате тапқанын жариялады.[23]
Жинаған қолтаңбасы
104998 / 105000
[24]
Қабылданған қолтаңбасы
96019 / 105000
[25]
Борис Надеждин
(60)
Азаматтық бастамалар
Долгопрудный қалалық кеңесінің мүшесі
(1990–1997, 2019–)
Аймақтық жобалар және Заң шығару негізі институтының негіздеушісі және президенті
(2001–)
Мемлекеттік дума депутаты
(1999–2003)
Мәскеу облысы

(Ресми сайты)
2023 жылғы 31 қазанда Надеждин Азаматтық бастамалар партиясының атынан президентікке үміткер болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда ол өз құжаттарын тапсырды да, олар 28 желтоқсанда тіркелген еді. 8 ақпанда ОСК жинаған қолтаңбасының 5% астамында қате тапқанын айтты,[26][27][28][29]
Жинаған қолтаңбасы
105000 / 105000
[30]
Қабылданған қолтаңбасы
95587 / 105000

Барысы

Мерзімінен бұрын дауыс беру 26 ақпанда басталып, 14 наурызға дейін созылды, бұл Ресейдің 37 аймағындағы шалғай аудандарда, сондай-ақ 2022 жылы Украинадан тартып алған өңірлерде белгілі бір тұрғындарға дауыс беруге мүмкіндік берген.[31]

Биліктің студенттер мен жастарға дауыс беруге қысым жасауы туралы хабарлар пайда болды. Пермь өлкесіндегі құрылыс колледжінің студенттеріне кампус ішінде дауыс беруге бұйрық берді де, мектеп әкімшілігі бейнебақылау камералары арқылы сайлаушылардың қатысуын бақылаймыз деді. Тула мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер дауыс бергенін дәлелдеу үшін бюллетеньдің суретін тапсыру керек болды. Оның ректоры да Путинді ашық түрде қолдады. Воронеж мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер билікке кімге дауыс беріп жатқаны туралы хабарлауға міндетті екенін айтты.[32]

14 наурыздағы кезекті дауыс берудің бірінші туры қарсаңында Путин азаматтарды оның басшылығын қолдағанын көрсете отыра бірігіп дауыс беруге шақырып, бейне үндеуінде «Біз Ресейдің бостандығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қорғай отырып, бірге бола алатынымызды көрсеттік» деп, оларды «дұрыс жолдан адаспауға» шақырды.[33]

Кезекті сайлау күндері Камчатка өлкесінде 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелері ашылды және Калининград облысында 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады деп жоспарланған. Сайлау учаскелеріне байқаушыларды жіберуге тек тіркелген кандидаттар мен мемлекет қолдайтын консультативтік-кеңесші органдарға ғана рұқсат етілгендіктен, тәуелсіз бақылаушыларға сайлаудың өту барысын бақылауға тыйым салынды.

Путинге қарсы тапа-талтүс

Еревандағы Ресей елшілігінің ғимаратындағы сайлау учаскесіне кезек, «Путинге қарсы тапа-талтүс», 17 наурыз 2024 жыл

Сайлаудың соңғы күні, 17 наурызда Ресейдегі және шетелдегі сайлау учаскелерінде Ресейлік оппозицияның «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясы өтті.[34] Оның барысында Владимир Путиннің саясатын қолдамайтын Ресей азаматтары президенттік сайлаудың соңғы күні, 2024 жылғы 17 наурызда сағат 12:00-де жаппай сайлау учаскелеріне барды. Акцияның мәні — сайлаушылар өз бюллетеньдерімен бұдан әрі не істейтініне мән бермей, «наразылардың бірлігін көрсету».[35][36][37] Бұл әрекетке шақыру оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қамауда болып, қайтыс болғанға дейінгі соңғы саяси мәлімдемесі болды. Путинге қарсы тапа-талтүсті қолдағандар арасында Михаил Ходорковский, Дмитрий Гудков және Сергей Гуриев сияқтылар болды.[36]

Жаппай ұстаулар кем дегенде 16 қалада, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Волгоград, Үфі, Иркутск, Барнауыл және Челябіде басталды. 75 астам адам (сағат 16:21 бойынша) ұсталды.[38] Сонымен, Қазанда 20 астам адамды автозакқа отырғызса, Үфіде Навальныйдың суретін бюллетеньдер жәшігіне тастамақ болған ер адам ұсталды.

Қоғамдық пікір

Тіркеуден кейінгі қоғамның үміткерлер жайлы пікірі
Сауалнама
күні
Сауалнамаушы ҚалғандарыТаңдамағаныЖауап беруден
бас тартқандар
ПутинНадеждинХаритоновСлуцкийДаванков
6-10 нау 2024IRPZ55.9%5.2%3.2%9.1%3.1%19.5%4%
6-10 нау 2024CIPKR55%5%4%4%1%30%
4-6 нау 2024FOM56%4%4%3%3%30%
4 нау 2024VCIOM56.2%3%2.25%4.5%25%
1-5 нау 2024ExtremeScan57%3%1%3%2%22%12%
1-5 нау 2024CIPKR61%6%3%5%6%4%15%
26 ақп– 5 нау 2024IRPZ56.2%3.2%2%5.6%1.5%31%0,1%
1-4 нау 2024Russian Field66%5%4%6%0.4%5%14%
2–3 нау 2024VCIOM60%3%2%5%2%17%11%
10–18 ақп 2024CIPKR62%6%3%4%7%5%13%
16 ақп 2024Алексей Навальныйдың түрмедегі өлімі
15 ақп 2024VCIOM61%3%2%3%2%17%13%
14 ақп 2024VCIOM64%4%3%5%2%2%2%
9–11 ақп 2024FOM74%3%3%2%1%10%5%
8 ақп 2024VCIOM57%3%3%4%2%18%14%
8 ақп 2024Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждиннің кандидатурасын тіркеуден бас тартты
1–7 ақп 2024ExtremeScan63%6%8%12%11%
27–30 қаң 2024Russian Field62.2%7.8%2.3%1.9%1.0%2.5%7.8%12.8%
25–30 қаң 2024ExtremeScan61%6%2%1%2%17%11%
11–28 қаң 2024CIPKR60%7%4%3%0.3%3%7%15%

Нәтижелері

ҮміткерПартиясыДауыс саны%
Владимир ПутинПартиясыз[lower-alpha 1]76,277,70888.48
Николай ХаритоновКоммунистік партия3,768,4704.37
Владислав ДаванковЖаңа адамдар3,362,4843.9
Леонид СлуцкийЛибералды-демократиялық партия2,795,6293.24
Жалпы дауыс саны86,204,291100.00
Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер114,212,734
Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы(қолжетпейтін сілтеме)

Ресейден тыс нәтижелері

Қазақстан аумағында Путин жеңілді. Мәселен Алматыда оған не бәрі 7-8% дауыс берген. Ал 63-69% дауыспен жеңімпаз Владислав Даванков атанды.[39]

Сондай-ақ Арменияда Путинге 8-21%, ал Даванковқа 48-63% дауыс берілді. Қырғызстанда Путинге 35% болса, Даванковта 44% дауыс болды.

Реакция

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2023 жылғы 6 тамызда New York Timesқа "біздегі президент сайлауы негізінен аса демократия емес, — қымбат келетін бюрократия" деді де, Путин 90% астам дауыс жинап, қайта сайлана салады деген. Кейін бұл сөзінің жай жеке пікірі болғанын түсіндірді.[40] РБКға берген сұхбатында Песков "Ресейде президент сайлауын өткізу теориялық тұрғыдан міндетті емес" деді, бұны "президенттің қайта сайлануы анық қой" деп түсіндірген.[41]

2023 жылғы 6 қарашада журналист Екатерина Дунцова өзінің сайлауға қатысатынын және бағдарламасының соғысқа қарсы болтанын жариялады. Келесі айда ОСК оның кандидатурасын қабылдамай қалды.[42]

2023 жылғы қарашада бұрын әскери болған ұлтшыл саясаткер Игорь Гиркин сайлауға қатысатынын жариялады, елдегі сайлауларды жалған деді.[43]

2024 жылғы 1 ақпанда оппозиционер Алексей Навальный мен оның одақтастары ресейліктерді сайлаудың үшінші күнінде Путинге қарсы дауыс беруге шақырды.[44] Навальныйдың өлімінен кейін Андрюс Кубилюс пен Михаил Ходорковский Еуропа одағын Ресейдегі сайлауларды заңсыз деп тануға шақырды.

21 ақпанда Қазақстан президенті Тоқаев Путинмен Қазанда кездесті де, Ресей президентін мақтап, сайлау нәтижесінің қандай болатынына күмән келтірмейтінін айтты.[45]

Путинді жеңісімен құттықтаған мемлекет және үкімет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,[46] Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,[47] Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,[48] Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,[49] Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,[50] Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Иран президенті Эбрахим Раиси[51] болған.

Қосымша ақпарат

Дереккөздер