Ресей Коммунистік партиясы

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы (қысқартқанда РФКП, орыс. Коммунистическая партия Российской Федерации, КПРФ[6]) — Ресейдің ұлтшыл[5] және коммунистік ресми тіркелген саяси партиясы. Ресми идеологиясы — XXI ғасыр социализмі[2] және марксизм-ленинизм[3]. Бұл Ресейдегі «Біртұтас Ресейден» кейінгі екінші ең ірі саяси партия.

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы
орыс. Коммунистическая партия Российской Федерации
РФКП, КПРФ
Логотипі
Басшысы

Геннадий Зюганов

Негізін салушы

Валентин Купцов (орыс.)[1]
Геннадий Зюганов

Құрылған жылы

19 маусым 1990 жыл
(РКФСРКП ретінде)
14 ақпан 1993 жыл
(РФКП ретінде)

Штаб-пәтері

Малый Сухаревский жолағы, 3-үй, 1-корпус, Мәскеу

Идеологиясы

XXI ғасыр социализмі[2]
Марксизм-ленинизм[3]
Ультрасолшыл саясат[4]
Коммунизм[5]
Ұлтшылдық[5]
Кеңестік патриотизм[5]
Неосталинизм[5]

Интернационалы

КПО—КОКП
Коммунистік және жұмысшылар партияларының халықаралық кездесуі

Жастар ұйымы

Ресей Федерациясы Лениндік Коммунистік Жастар Одағы

Мүшелер саны

162,173 (2016)[6]

Ұраны

«Ресей! Еңбек! Демократия! Социализм!» (орыс. «Россия! Труд! Народовластие! Социализм!»[6])

Мемлекеттік думадағы мандаты
57 / 450
Федерация Кеңесіндегі мандаты
4 / 450
Әнұраны

«Интернационал»[6]

Партиялық мөр

Сайты

kprf.ru

Тарихы

РФКП өз негізін 1898 жылы пайда болған Ресейлік социал-демократиялық жұмысшылар партиясынан алады. Партия 1903 жылы меньшевиктер (азшылық) және большевиктер (көпшілік) партияларына бөлінді; Владимир Ленин басқарған екіншісі кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясына (КОКП) айналды және Қазан төңкерісі кезінде билікке келді. 1991 жылғы сәтсіз төңкерістен кейін Ресей президенті Борис Ельцин КОКП-ға тыйым салған соң, 1993 жылы 14 ақпанда Ресей коммунистерінің кезектен тыс екінші съезінде РФКП құрылды. Жаңа құрылған партия өзін РКФСР Коммунистік партиясының мұрагер партиясы ретінде жариялаған.

РФКП тез арада Ресейдегі ең ірі партияға айналды, оның құрылғанынан көп ұзамай 500,000 мүшесі болды, бұл басқа партиялар мүше санынан екі есе көп.[5]

Екінші кезектен тыс съез барысында партияның тең құрылтайшысы Геннадий Зюганов РФКП төрағасы болып сайланды.[5] Бұдан бұрын Зюганов «ұлтшыл-патриоттік» Ұлттық құтқару майданы (орыс.) ұйымының төрағасы болды.

РФКП-ның 1995 жылғы парламент сайлауындағы жақсы нәтижесінен кейін ол 1996 жылғы президент сайлауында 6%-ға жуық рейтингі бар[7] сол кездегі президент Борис Ельцинге қарсы басты оппозициялық күш болды.[5] Ельцинге қарсы тұру үшін Зюганов ұлтшыл ұйымдардан құрылған «халық-патриоттық блок» ұйымдастырды.[5] Ельциннің 54% дауыспен жеңіске жеткенінен кейін 1996 жылы 7 тамызда Зюгановты қолдайтын коалиция 30-дан астам солшыл және ұлтшыл ұйымдардан тұратын Ресей халықтық патриоттық одағына (НПСР) ресми ұйымға айналды. Одақ құрамында Сергей Бабурин басқарған Ресейдің Бүкілхалықтық Одағы (орыс.) да болған. Ол 2000 жылғы президенттік сайлауда Зюгановты қолдады.

2003 жылғы парламенттік сайлауда партия жинаған дауыстар күрт төмендеп, 113 мандаттан 52 мандатқа дейін түсті. Зюганов сол сайлаудың әділдігіне күмән келтірді және үкіметті дауыс ұрлау үшін жалған Родина партиясын құрды деп айыптады. РФКП-ны 2007 жылғы Дума сайлауында Сергей Бабуриннің одағы мақұлдады.

2012 жылғы президенттік сайлауда Зюганов 2011 жылғы парламент сайлауындағы заң бұзушылықтарды айыптады, бірақ ол 2011 жылғы желтоқсандағы жаппай шерулердіі ұйымдастырушыларына да қарсылығын білдірді. 2011 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі сайлаудың заңсыздығына наразылық білдірген партиялық митингілерге партияның бірнеше мың жақтаушылары ғана қатысты, негізінен егде адамдар.[8]

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін РФКП және Зюгановтың өзі соғысты қолдайтынын жариялады.[9]

Басшылығы

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша партияның 85 аймақтық ұйымы, 2350 жергілікті филалы, және 162,163 мүшесі бар.[6] КОКП сияқты, партия Орталық Комитетпен басқарылады.

Сайлаулардағы нәтижелері

Президент сайлаулары

СайлауҮміткері1-айналымы2-айналымыНәтижесі
Дауыс саны%Дауыс саны%
1996 Геннадий
Зюганов
24,211,68632.0330,102,28840.31Сайланбады
N
200021,928,46829.21Сайланбады
N
2004 Николай
Харитонов
9,513,31313.69Сайланбады
N
2008 Геннадий
Зюганов
13,243,55017.72Сайланбады
N
201212,318,35317.18Сайланбады
N
2018 Павел
Грудинин
8,659,20611.77Сайланбады
N
2024 Николай Харитонов3,768,4704.31Сайланбады
N

Парламент сайлаулары

СайлауыТөрағасыДауыс саны%Мандат саны+/–ОрныПозициясы
(де-юре)
1993 Геннадий
Зюганов
6,666,40212.40
42 / 450
3Оппозиция
199515,432,96322.3
157 / 450
115 1Оппозиция (1995–1998)
Коалиция (1998–1999)
Оппозиция (1999)
199916,196,02422.29
113 / 450
44 1Оппозиция
20037,647,82012.61
51 / 450
62 2Оппозиция
20078,046,88611.57
57 / 450
6 2Оппозиция
201112,599,50719.19
92 / 450
35 2Оппозиция
20167,019,75213.34
42 / 450
50 2Оппозиция
202110,660,59918.93
57 / 450
15 2Оппозиция

Дереккөздер