Реюньон

Реюньон (фр. Réunion) — Үнді мұхитының батыс бөлігінде орналасқан арал, Францияның иелігі. Мадагаскар аралынан шығысқа қарай 680 км, Маврикий аралынан оңтүстік-батысқа қарай 180 км жерде.

Реюньон
фр. Réunion
Реюньон аймағының туы
Реюньон аймағының логотипі
(Аймақ туы)({{{Логотип атауы}}})
Орналасуы
Реюньон аймағы белгіленген Франция картасы
Әкімшілік
АстанасыСен-Дени
Кеңес президентіДидье Робер
Кантондар49
Коммунналар24
Жер аумағы12512 км²
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша.
Франция
Реюньон аралында өсетін өсімдік

Аумағы 2510 км², халқы 699000 адам (2005).

Астанасы – Сен-Дени (158000 адам).

Реюньон – Маскарена аралдарының ішіндегі ең ірісі (оған Реюньоннан басқа Маврикий мен Родригес кіреді). Бұл жанартаутекті аралдардың басым бөлігін таулар алып жатыр.

Олардың ең биігі аралдың орталығындағы – Питон-де-Неж (3069 м).

Климаты тропиктік, бірақ биік жерлері салқындау, биіктікке байланысты жауын-шашын мөлшері қатты өзгереді.

Оңтүстігі мен шығысындағы жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 4000 мм-ден асса, солтүстігі мен батысында 1000 мм-ден аз. Аралды 16 ғасырда португалдық теңізде жүзушілер ашқанмен, 1643 жылға дейін адам қоныстанбады.

Сол жылы Реюньонды Франция басып алып, оған Бурбон деген атау беріп, қант плантацияларында жұмыс істеу үшін Африкадан құлдар апарды. 1793 жылы арал Реюньон деп аталды, 1946 жылы Францияның теңіздің аржағындағы департаменті мәртебесін алды.

Халқының 60%-дан астамын француз қоныстанушылары мен африкалықтардың аралас некесінің ұрпақтары – креолдар құрайды. Реюньон экономикасы ауыл шарушылығына, оның ішінде қант құрағын өсіруге бейімделген. Сондай-ақ ром, ваниль,эфир майлары да экспортталады, туризм жақсы дамыған.[1]

Әкімшілік бөлініс

Муниципалитеттер (коммунналар)

Қазақша атауыФранцуз атауыЖер аумағы (км2)Халық саныЕлтаңбаОрталықКарта
Бра-ПанонBras-Panon88.5512,768 Сант-Бенуа
СиляусCilaos84.45,492 Сант-Пьер
Антре-ДюEntre-Deux66.836,914 Сант-Пьер
Литон-СалиL'Étang-Salé38.6514,108 Сант-Пьер
Ля Плен-ди-ПальмисLa Plaine-des-Palmistes83.196,568Сант-Бенуа
Ля-ПоссиссионLa Possession118.3532,633 Сант-Поль
Лю ПорLe Port16.6233,531 Сант-Поль
Лю ТампунLe Tampon165.4379,385 Сант-Пьер
Лиз АвирунLes Avirons26.2711,246 Сант-Пьер
Ли Труа-БассанLes Trois-Bassins42.587,076Сант-Поль
Пютиту-ИлеPetite-Île33.9312,308 Сант-Пьер
Сант-АндреSaint-André53.0756,747Сант-Бенуа
Сант-БенуаSaint-Benoît229.6137,274Сант-Бенуа
Сант-ДениSaint-Denis142.79150,535 Сант-Дени
Сант-ЖозефSaint-Joseph178.537,517 Сант-Пьер
Сант-ЛюSaint-Leu118.3734,196 Сант-Поль
Сант-ЛуиSaint-Louis98.953,589 Сант-Пьер
Сант-ПольSaint-Paul241.28103,492 Сант-Поль
Сант-ФиллипSaint-Philippe153.945,149Сант-Пьер
Сант-ПьерSaint-Pierre95.9984,961 Сант-Пьер
Санте-МариSainte-Marie87.2133,234 Сант-Дени
Санте-РозSainte-Rose177.66,296Сант-Бенуа
Санте-СюзаннеSainte-Suzanne58.8423,718Сант-Дени
СалязиSalazie103.827,224 Сант-Бенуа

Халық саны

Тарихи халық

ЖылХалық саныЖылХалық саныЖылХалық саны
1671901830101,3001961349,282
16962691848110,3001967416,525
17047341849120,9001974476,675
17131,1711860200,0001982515,814
17172,0001870212,0001990597,823
172412,5501887163,8811999706,300
176425,0001897173,1922008808,250
177735,1001926182,6372013835,103
178961,3001946241,7082018855,961
182687,1001954274,3702020858,450

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Реюньон