Сірке суы

Сірке суы — құрғақ жүзім шараптарын табиғи түрде немесе көмірсулар мен спирттерді жасанды жолмен ашытып алынатын өнім. Аспаздықта кеңінен қолданады. Саудаға сірке суы 80%-дық эссенция түрінде немесе 3% және 9% ерітінді күйінде түседі. Барлығын асқазанға зиян болмайтындай 3%- дық ерітінді түріне келтіру қажет. Сірке суларына әр түрлі өсімдіктер тұндырып дәмін келтіреді[1].

Сірке суын сынау. Түрлі ілімдерде өмірге деген көзқарасты аллегориялық түрде көрсететін ежелгі қытай әңгімесі. Картинада сірке суы құйылған бөшкенің жанында Будда, Конфуций және Лао-цзы бейнеленген. Сірке суы Қытайда кем дегенде б. з. д. 3-ғасырдан бері белгілі

Галерея

Дереккөздер