Тоқылдақтәріздестер отряды

Тоқылдақтәріздестер отряды (Piciformes) - ата тегі зымырандарға ортақ әр текті құстар отряды. Тоқылдақтәріздестер отрядына жататын құстардың дене мөлшері әр түрлі (6-300 г), реңі де алуан түрлі, барлығының ұзын, мықты тұмсығы, жіңішке және қатқыл тілі болады. Моногамиялы. Аталығы мен аналығының айырмашылығы онша көп емес. Отряд 6 тұқымдасқа (жалтырауық тұқымдастар, масылқұс тұқымдастар, сақалдаққұс тұқымдастар, балбағдарқұс тұқымдастар, тоқанақ тұқымдастар және нағыз тоқылдақ тұқымдастар. 380 түрді біріктіретін 73-74 туысқа ажырайды.

Тоқылдақтәріздестер отряды
Male red-bellied woodpecker,
Male red-bellied woodpecker,
Ғылыми топтастыруы

Galbulae

  • Bucconidae
  • Galbulidae

Pici

  • Capitonidae
  • Indicatoridae
  • Lybiidae
  • Megalaimidae
  • Picidae
  • Ramphastidae
  • Semnornithidae

For prehistoric taxa, see text

Синонимдері

Galbuliformes Fürbringer, 1888

Дереккөз

1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.