Төле

Төле, Толи, Толуй (1186/1190 немесе шам. 1193 - 1232) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.

Төле
Тулуй
Төле
Лауазымы
Моңғол империясының регенті
1227-1229
ІзашарыШыңғыс хан
ІзбасарыҮгедей хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі1186/1190 немесе шам. 1193
Қайтыс болуы1232
Моңғолия
ДинастияШыңғыс хан әулеті
ӘкесіШыңғыс хан
АнасыБөрте
ЖұбайыСорхахтани-бегім
БалаларыМөңке
Құбылай
Хулагу
Арықбұға

Негізгі әскер күшін өз қолында шоғырландырған ол моңғолдардың 12351242 ж. Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтарына белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жазба деректерге қарағанда Төле ағалары Шағатай хан мен Үгедейден бұрын қайтыс болған. Балаларының ішіндегі тарихта қалғандары Батудың көмегімен Шыңғыс хан империясының билеушісі болған Мөңке, Қытайды жаулап алып, Юань әулетінің негізін қалаған Құбылай хан және Иран мен Иракты жаулап алған Хулагу хан.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.