Халькозин (грекше chalkos — мыс), мыс жылтыры — сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Cu2S, мұндағы мыстың мөлшері 79,86%, қоспалары: Fe, Ag, Co, Nі, Au, As. Төменгі температурада ромбылық, жоғарғы температурада гексагондық сингонияларда кристалданып, призма, қалақ, дипирамида тәрізді кристалдар түзеді.Сингониясы — ромбылық (төмен температуралы) және гексагондық пен текшелік (жоғары температуралы модификациялары). Кристалдары — тақта, призма, агрегаттары тұтас майда түйірлі масса не сеппе. Агрегаттары ұсақ түйірлі сеппе түрінде болып келеді, түсі сұр, қара, металл тәрізді жылтыр, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2,5 — 3, тығыздығы 5,5 — 5,8 г/см3, электр тогын өткізеді. Мыс және полиметалл кендерінің сульфидтермен қайта баю белдемдерінде кездеседі. Қазақстанда Жезқазған, Қоңырат кендерінде кездеседі. Халькозин — бағалы мыс кентасы. Жаратылысы — гидротермалық және экзогендік; мыстың кені.[4]
Chalcocite |
---|
|
Негізі |
---|
Санаты | Минерал |
---|
Химиялық формуласы | copper(I) sulfide: Cu2S |
---|
Strunz classification | 02.BA.05a |
---|
Crystal symmetry | Monoclinic 2/m - Prismatic |
---|
Unit cell | a = 15.246(4) Å, b = 11.884(2) Å, c = 13.494(3) Å; β = 116.35(1)°; Z = 96 |
---|
Ерекшеліктері |
---|
Түсі | Dark gray to black |
---|
Кристал пішіні | Tabular to prismatic crystals also massive to granular |
---|
Сингониясы | Monoclinic, pseudo-orthorhombic |
---|
Twinning | Common on {110} yielding pseudohexagonal stellate forms |
---|
Үгітіндісі | Indistinct on {110} |
---|
Агреттары | Conchoidal |
---|
Беріктігі | Brittle to sectile |
---|
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 2.5 - 3 |
---|
Streak | Shiny black to lead gray |
---|
Diaphaneity | Opaque |
---|
Үлес салмағы | 5.5 - 5.8 |
---|
Fusibility | 2-2.5 |
---|
Дереккөздер | [1][2][3] |
---|
Дереккөздер