Хараре

Хара́ре (ағылш. Harare) — Зимбабве астанасы және Хараре провинциясының әкімшілік орталығы. Елдің ең ірі қалаларының бірі, мәдени және өнеркәсіп орталығы.

Қала
Хараре
ағылш. Harare
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Зимбабве

Статусы

Астана

Провинция

Шығыс Машоналенд

Мэр

Элиас Мудзури

Тарихы мен географиясы
Координаттары

17°51′50″ о. е. 31°01′47″ ш. б. / 17.86389° о. е. 31.02972° ш. б. / -17.86389; 31.02972 (G) (O) (Я) 31°01′47″ ш. б. / 17.86389° о. е. 31.02972° ш. б. / -17.86389; 31.02972 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1890

Бұрынғы атаулары

Солсбери

Қала статусы

1935

Жер аумағы

872 км²

Орталығының биiктігі

1490 м

Уақыт белдеуі

UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

1 600 000 адам (2006)

Агломерация

2 800 111

hararecity.co.zw

Хараре картада
Хараре
Хараре
Хараре

Тұрғындарының саны — 1 600 000, қала маңын қоса алғанда — 2 800 000 (2006).

Тарихы

Солсбери 1930 жылы.

Қаланың негізін 1890 жылдың 12 қыркүйегінде Британдық Оңтүстік-Африкалық компаниямен жіберілген отряд Ұлыбританияның премьер-министр— лорды Солсберидің құрметіне Форт Со́лсбери атты әскери база ретінде қалаған. Елді мекен негізінен Бейраға (Мозамбиктағы порт) баратын жол бойындағы сауда орталығы ретінде дамыды. 1897 жылы Форт Солcбери муниципалитет болып жарияланды және 1935 жылы қала атағын алды.

Солсбери 1953 және 1963 жылдар аралығында Родезия және Ньясаленд Федерациясының астанасы болды. Ян Смит үкіметінің 1965 жылдың 11 қарашасында елдің Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, қала Оңтүстік Родезияның астанасы болды. Көршілес қара мемлекеттермен (КСРО, Қытай және Ұлыбританияның біріккен қолдауымен) ұйымдастырылған территориялық соғыс нәтижесінде, 1980 жылдың 18 сәуірінде ақтардың режимі құлайды. Солсбери атауы Хараре деп өзгертіліп, қала Зимбабве Республикасының астанасы аталады.

1996-2002 жылдары Роберт Мугабе режімімен орын алған ақ нәсілді халықтың геноциді қала экономикасы мен инфрақұрылымана көптеген зардап әкелді. Жұмыссыздық деңгейі 80%-дан асады, ал ЖИТС-пен ауыру деңгейі — 25%. Қала орталығындағы бірнеше көшелерді санамағанда қалада қоқыс шығару мен жол жөндеу шаралары іске асаралмайды, орталықтандырылған су және электр энергиясы жүйелері қираған және канализация жұмыс істемейді.

Харарені әртүрлі ұйымдар әлденеше рет әлемдегі өмір сүру үшін ең нашар астана ретінде атаған болатын (оның ішінде 2009 және 2011 жылдары The Economist журналы).

Климат

Теңіз деңгейінен 1490 метр биіктікте орналасқандықтан Хараренің климаты — субтропикалық таулы климат. Хараредегі ауа райы үш айқын мезгілдерге бөлінген: жаңбыр мезгілі (қараша-сәуір), анда санда қатты суық түсетін салқын құрғақ мезгіл (мамыр-тамыз) және ыстық құрғақ мезгіл (қыркүйек-қазан). Жылдық орташа температура +18 °C, ал ең салқын айдағы орташа температура (шілде) +14 °C, ең жылы ай болып қараша саналады, бұл айдағы орташа температура +22 °C.

Хараре ауа райы
КөрсеткішҚаңАқпНауСәуМамМауШілТамҚырҚазҚарЖелЖыл
Абсолюттық максимум, °C32313032282628313334353235
Орташа максимум, °C26,325,826,225,323,421,421,423,726,828,227,426,225,2
Орташа температура, °C21,020,720,318,816,113,713,415,518,620,821,220,918,4
Орташа минимум, °C15,815,614,512,38,86,15,57,410,513,415,015,711,7
Абсолюттық минимум, °C8986200137890
Жауын-шашын нормасы, мм191,4144,395,340,610,02,21,82,08,836,8101,2170,4804,8
Дерекнама: Гонконг обсерваториясы, BBS Weather

Белгілі тумалары

  • Мариос Франгулис (1966 туған) — әлемге әйгілі грек теноры.

Бауырлас қалалары

Хараре келесі қалалардың бауырласы болып табылады:

Әдебиет

Т. Л. Шереметьева, Т. О. Родина Весь Мир: Страны и столицы — 2004. — ISBN 985-13-2056-0.