Чанакья

Чанакья (pronunciation ; б.з.б. 370 – 283 жылдар шамасы)[1], лаұап аттары Каутилья Вишнугупта және Ватсьяяна — әйгілі үнді брахма, философ және патша кеңесшісі.

Чанакья
Жалпы мағлұмат
Туған күні

б.з.б. 370 ж.ш.

Қайтыс болған күні

б.з.б. 283 ж.ш.

Қайтыс болған жері

Паталипутра

Азаматтығы

 Үндістан

Ұлты

үндіс

Шығармашылығы

Б.з.б. 321 жылы Магадха патшалығында Чандрагуптаның таққа отырғанының және алдыңғы Нанда әулетінің (б.з.б. 317 ж.) биліктен айрылуының себепкерлерінің бірі болған.

Чанакьяны саяси қырандығы, қулығы және болжағыштығы үшін биік бағалап, Үндістан тарихшысы Никколо Макиавеллимен салыстырған. Чанакья-сутра атты және Чанакья-раджанитишастра атты саясат және өнегелік туралы трактаттарының авторы Чанакья деп есептеледі. Каутилья және Вишнугупта атымен «Артхашастра» («Пайда туралы ғылым»)[2] атты саяси трактатын жазған. Бұл кітаптің аты қазақшаға аударғанда «Пайда туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Кітапта алғашқы рет арнайы қызметтердің маңызы, олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылған.

Чанакья классикалық экономиканың және саясаттанудың корифейі болып саналады.[3][4][5][6]

Күнделікті өмірде Чанакья Таксила оқу орталығында мұғалі болған. Патшаның кеңесшісі болып отырып, ол біріккен Маурия империясының қалыптасуына жауап берген.

Чанакьяның еңбектері Гупта империясының заманында жоғалып, 1915 жылға дейін табылмаған.

Вишакхадаттаның «Мудраракшаса» атты шығармасында Чанакья бас кейіпкері.

Дереккөздер