Экзопланета

Экзопланеталар (көне грекше: ἔξω, exō — сыртта)  немесе Күн жүйесі шегінен тыс ғаламшар — Күн жүйесінің сыртында орналасқан ғаламшар. Экзопланеталар да біздің жүйеміздің планеталары секілді бір жұлдызды айналып жүреді. Ең алғашқы экзопланета 1990 жылы ашылды[1]. Бұл планета бір өшіп бара жатқан жұлдызды айналып жүрді. 2015 жылдың 29 мамырының мәліметі бойынша 1219 планетарлық жүйеде 1928 экзопланета ресми түрінде ашылған, оның 484 бірнеше планетадан тұрады[2].

HD189733b экзопланетасы.

Жалпы Құс жолында 200 миллиард жұлдыздың білігінен айналатын, 100 миллиардтан астам экзопланеталар бар деген болжам бар[3], оның ішінде ~ 5 - 20 миллиарды Жерге ұқсас болуы мүмкін. Оның ішінде күнге ұқсас жұлдыздардың 34 пайызы өз жүйелерінде Жерге ұқсас планеталары бар[4][5].

HD189733b

HD189733b - Жерден 63 жарық жылы қашық орналасқан Валпекула шоқжұлдызындағы экзопланета. Бұл 2005 жылы ашылды. Ол - Юпитер секілді планета. Астрономдар бұл планета атмосферасында су мен көмірқышқыл газының барлығын анықтады, бұл осы планетада тіршіліктің болу мүмкіндігін арттырады.

51 Пегас b

51 Пегас b - Күн тәрізді жұлдыз жанында анықталған алғашқы экзопланета. Ол Жерден шамамен 50 жарық жылы қашықтықтағы Пегас шоқжұлдызында орналасқан. Ол - Юпитер секілді алып газ тәрізді планета және де өз жұлдызына өте жақын орналасады. Өз жұлдызын айналып шығуына төрт күндей уақыт кетеді, бұдан біз бұл экзопланетаның өз жұлдызына Меркурийдің Күнге қашықтығынан да әлдеқайда жақын жатқанын көреміз.

55 Шаян күн жүйесі

55 Шаян күн жүйесі сары ергежейлі 55 Шаян А жұлдызынан және бес планетадан тұратын, күн жүйесінен тыс ең үлкен жүйе. Бұл жүйе Шаян шоқжұлдызында, Жерден шамамен 41 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. 55 Шаян А кішкене қызыл ергежейлі 55 Шаян В жұлдызымен бірге қос жұлдыз жүйесін құрайды.

SWEEPS-10

SWEEPS-10 - Құс жолының орталық төмпешігінде орналасқан экзопланета. Планета SWEEPS J175902.00-291323.7 жұлдызын айналып жүреді. Ол өз жұлдызын тек 10 сағаттың ішінде айналып шығады. Бұл - қазірге белгілі ең ыстық экзопланеталардың бірі.

1RXS J160929.1-210524 b

1RXS J160929.1-210524 b-1RXS J160929.1-210524 жұлдызын айналып жүретін экзопланета. Бұл - Сарышаян шоқжұлдызында орналасқан басты тізбектік жұлдыз.

OGLE-2005-BLG-390Lb

OGLE-2005-BLG-390Lb - Сарышаян шоқжұлдызында, Құс жолы галактикасының ортасына жақын орналасқан күн жүйесінен тыс планета.

Эпсилон Эридан b

Эпсилон Эридан b (HD22049 b) - Эридан шоқжұлдызында орналасқан алып газ тәрізді экзопланета. Ол Эпсилон Эридан жұлдызын Жерден он жарық жылы қашықтықта айналып жүреді. Бұл - біздің күн жүйемізге ең жақын орналасқан экзопланета. Астрономдардың ойынша, оның салмағы Юпитер салмағынан 1,5 есе артық.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Exoplanets